LG V500 G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
38
Хабарландырулар тақтасындағы QSlide қолданбалары
QSlide қолданбалары хабарландырулар тақтасында, Жылдам 
параметрлер жолағының астында көрсетіледі. Бұл белгішелер бір 
экранда бірнеше тапсырма орындаудың жылдам, ыңғайлы жолын 
ұсынады (теледидардағы суреттің ішіндегі суретпен бірдей). QSlide 
экранда жылжытуға, өлшемін өзгертуге және мөлдір қылуға болатын 
кішкентай қолданба терезесін көрсетеді.
QSlide қолданбаларын пайдалану
Белсендіру үшін жолақтағы кез келген QSlide қолданбасын түртіңіз. 
Белсендірілген кезде, QSlide функциясы қолданбаны алдыңғы фонда 
ашып, артқы фонда басқа қолданбаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 
Бір уақытта екі QSlide терезесін ашуға болады.
Күй жолағындағы индикатор белгішелер
Экранның үстіңгі жағындағы күй жолағында пайда болатын индикатор 
белгішелері күнтізбе оқиғалары, құрылғы күйі мен тағы басқалар туралы 
есеп береді. 
Экранның жоғарғы жағында көрсетілген белгішелер құрылғының күйі 
туралы ақпарат береді. Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі 
пайдаланылады.
Белгіше Сипаттамасы
Ұшақ режимі
Wi-Fi желісіне қосылған
Сымды құлақаспап