LG V700 User Guide

Page of 466
10
 
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек осы құрылғы үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, 
зарядтағышты және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа 
түрлерін пайдалану құрылғы мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз 
етуі және қауіпті болуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет 
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
• Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен 
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен 
ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы 
ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан 
алшақ жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен 
аулақ жерде сақтау керек.
• Түсіріп алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде құрылғыны сөндіріңіз. 
Мысалы, құрылғыны емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол 
медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда, құрылғыны ылғалды қолмен ұстауға болмайды. 
Бұл ток соғуына себеп болып, құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыны тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені 
құрылғы қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш 
немесе спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.