LG V700 User Guide

Page of 466
60
QPair мүмкіндіктері
Қоңырау хабарландыруы – Телефонға қоңырау шалған кезде 
планшетке ескерту жібереді. Ескертуде қоңырау шалушының нөмірі 
көрсетіледі және қоңырауды қабылдауға не қабылдамауға мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар, қоңырау үні, қоңырау үнінің дыбысының деңгейі, 
дірілі бар қоңырау үні сияқты қоңырау баптаулар өзгертуге немесе 
қоңырау қабылдаған кезде бас тарту туралы хабар жіберуге болады.
Хабар хабарландыруы – Телефонға хабар келген кезде планшетке 
ескерту жібереді. Сонымен қатар, хабарды қалқымалы терезеде көрсету, 
хабарды алдын ала көру, хабарландыру дыбысы және хабарландыру 
дірілі сияқты хабар баптаулар өзгерте аласыз.
SNS ескертуі – Планшетіңіздің күй жолағында әлеуметтік желі 
хабарландыруы пайда болған кезде, оны көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: осы мүмкіндікті іске қосу үшін QPair әлеуметтік 
желі хабарландырулары опциясын телефонда іске қосыңыз 
(
баптаулар > Арнайы мүмкіндіктер > QPair әлеуметтік желі 
хабарландырулары). Бұл опция планшетіңізде әлеуметтік желі 
хабарландыруларын көріп отыруыңызға мүмкіндік береді.
QuickMemo+ Беру – Ағымдағы QuickMemo+ жазбасын планшеттің 
галереясында сақтайды, одан кейін галереяны телефондағы галереямен 
синхрондайды. 
Соңғы қолданба жапсырмасы – Жұпталған құрылғы экранының құлпы 
ашылған кезде, басқа құрылғыда соңғы рет пайдаланылған қолданба 
дисплейдегі белгіде көрсетіледі (егер сол қолданба планшетте де, 
телефонда да орнатылған болса).