LG LGP715 Owner's Manual

Page of 450
 
97
Құрылғыны компьютермен синхрондау
Қолайлылық үшін құрылғы мен компьютердегі деректер «LG 
PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралымен оңай 
синхрондалады. Контактілердің, кестелердің және бетбелгілердің 
барлығын синхрондауға болады.
Іс реті мынадай –
1  
Құрылғыңызды компьютерге жалғаңыз. (USB кабелін немесе 
Wi–Fi қосылымын пайдаланыңыз.)
2  
USB байланыс түрі тізімі шыққанда, LG бағдарламалық 
құралын таңдаңыз.
3  
Жалғағаннан кейін бағдарламаны іске қосып, экранның сол 
жағындағы санаттан құрылғы бөлімін таңдаңыз.
4  
Таңдау үшін 
Жеке ақпарат түймесін басыңыз.
5  
Синхрондалатын мазмұндарға белгі қойып, 
Синхрондау 
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. USB кабелін пайдаланып телефонды компьютермен 
синхрондау үшін компьютерге LG PC Suite бағдарламалық құралын 
орнатуыңыз қажет. LG PC Suite бағдарламасын орнату үшін алдыңғы 
беттерді қараңыз.
Контактілерді ескі құрылғыдан жаңа құрылғыға жылжыту
1  
Компьютермен синхрондау бағдарламасы арқылы контактілерді 
ескі құрылғыдан компьютерге CSV файлы түрінде импорттаңыз.
2  
Алдымен компьютерде LG PC Suite бағдарламасын 
орнатыңыз. Бағдарламаны іске қосып, Android ұялы 
телефоныңызды компьютерге USB кабелін пайдаланып 
жалғаңыз.