LG LGP715 Owner's Manual

Page of 450
99
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын интернеттен 
жаңарту
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін  
http –//www.lg.com/common/index.jsp сайтына кіріп,   елді және 
тілді таңдаңыз. 
Осы мүмкіндікті пайдаланып, телефонның бағдарламалық 
құралын қызмет көрсету орталығына бармастан, ыңғайлы 
түрде интернет арқылы ең соңғы нұсқасына жаңартуға болады. 
Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама 
нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол жетімді болады.
Ұялы телефонның микробағдарламасын жаңарту кезінде 
пайдаланушының толық назары қажет болатындықтан, 
жалғастырмас бұрын, әр қадамда пайда болатын нұсқаулар мен 
ескертпелерді тексеріңіз. Жаңарту кезінде USB деректер кабелін 
немесе батареяны алу ұялы телефонды қатты зақымдауы мүмкін 
екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ. LG компаниясы бағдарламалық құрал жаңартуларын 
өз қалауы бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын 
өзінде қалдырады және бағдарламалық құралдың ең соңғы нұсқасы 
телефондардың барлық үлгілері үшін қол жетімді болатынына кепілдік 
бермейді.
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын OTA 
(сымсыз тасымалдау) стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефонның микробағдарламасын OTA 
арқылы, USB деректер кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға 
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ 
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту