LG LGH961S User Guide

Page of 480
Қосымшалар
69
 ЕСКЕРТПЕ 
Қимыл жылдамдығына және бұрышына байланысты бұл мүмкіндік 
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Жылдам алдын ала қараудан кейін бұрыш өзгертілсе, ол камера 
режиміне оралады. Суретті қайтадан көру үшін «Галереяға» өту 
керек.
Көп тармақты автофокус
Суретке түсіргенде, көп тармақты авто фокус (AF) функциясы 
автоматты түрде қосылады және анық суретті көруге мүмкіндік 
береді.
8X масштабтау
Артқы камера объективін пайдаланғанда 8 есеге дейін 
үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.
 ЕСКЕРТПЕ 
Қолды қимылдатпай тұрыңыз. Бұл мүмкіндік кейбір функциялармен 
жұмыс істемейді. Жылдам қозғалатын нысандарды суретке 
түсіргенде нысандар қабаттасуы мүмкін.
Фотосуретке түсірген кезде
Соңғы түсірілген фотосуретті көру үшін экрандағы сурет 
нобайын түртіңіз.
Фотосуретті өңдеу үшін түртіңіз.
Дереу басқа фотосурет түсіру үшін түртіңіз.
Қолжетімді бөлісу опцияларын ашу үшін түртіңіз.
Фотосуретті жою үшін түртіңіз.
Қосымша опцияларға қатынасу үшін түртіңіз.
Фотосуретті таңдаулыларға қосу үшін түртіңіз.