LG LGH961S User Guide

Page of 480
Қосымшалар
71
Галерея
Галерея қолданбасы сақтау орнындағы суреттер мен 
бейнелерді, оның ішінде Камера қолданбасымен 
түсірілгендерді және интернет немесе басқа орындардан 
жүктеп алынғандарды көрсетеді. 
1  
 >   >   опциясын түртіңіз.
2  
Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз. 
(Альбомдағы суреттер мен бейнелер хронологиялық ретпен 
көрсетіледі.)
3  
Альбомдағы суретті түртіп көріңіз.
 ЕСКЕРТПЕ 
Орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл 
пішімдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Кодтауына байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы 
мүмкін.
Суреттерді көру
Галерея қалталардағы суреттерді көрсетеді. Электрондық 
пошта сияқты қолданба суретті сақтағанда, суретті қамтитын 
жүктеп алу қалтасы автоматты түрде жасалады. Осы сияқты, 
скриншотты автоматты түрде түсіру Screenshots (Скриншоттар) 
қалтасын жасайды. 
Суреттер жасалған күні бойынша көрсетіледі. Толық экранда 
көру үшін суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті 
көру үшін солға немесе оңға жылжыңыз.
Фотосуреттерді өзгерту
Фотосуретті көру кезінде   опциясын түртіңіз.