LG LGH961S User Guide

Page of 480
Баптаулар
90
Bluetooth арқылы деректер жіберу
1  
Контакт немесе медиа файл сияқты файл немесе элемент 
таңдау.
2  
Деректерді Bluetooth арқылы жіберу үшін параметрді 
таңдаңыз.
3  
Bluetooth қосылатын құрылғыны іздеңіз және жұптаңыз.
 ЕСКЕРТПЕ 
Басқа Bluetooth үйлесімді құрылғылардың түрлі сипаттамалары 
мен мүмкіндіктеріне байланысты дисплей мен операциялар әр 
түрлі болуы мүмкін және тасымалдау немесе алмасу сияқты 
функциялар барлық Bluetooth үйлесімді құрылғылармен істемеуі 
мүмкін.
Bluetooth арқылы деректер алу
1  
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Bluetooth 
тармағын түртіңіз.
2  
Bluetooth функциясын қосу үшін 
 түртіңіз.
3  
Жіберу құрылғысынан жұптастыру талпынысын қабылдауға 
сұрау аласыз. 
ҚАБЫЛДАУ опциясының таңдалғанын 
тексеріңіз.
Ұялы деректер
Деректер қолданысын көрсетеді және мобильді деректер шегін 
орнатады.
• 
Мобильді деректер қосылымын қосу немесе өшіру 
үшін 
 опциясын түртіңіз. Бұл мобильді деректердің 
пайдаланылуын басқаруға мүмкіндік береді. Деректердің 
орнына Wi-Fi желі қосылымын пайдалануға болады.
Қоңырау баптаулары
Әр түрлі қоңырау параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік 
береді.