LG LGH961S User Guide

Page of 480
Баптаулар
91
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қоңырау 
баптаулары тармағын түртіңіз.
[
SIM карта 1/SIM карта 2 қойындысы]
• 
Дауыс поштасы : жеткізушінің дауыс поштасы қызметін 
таңдауға мүмкіндік береді.
• 
Бекітілген теру нөмірлері : телефоннан қоңырау шалуға 
болатын нөмірлердің тізімін басқаруға және жасауға 
мүмкіндік береді. Осы үшін оператордан алынатын PIN2 
коды қажет болады. Іске қосылса, телефоннан тек тізімде 
бекітілген теру нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
• 
Қоңырауды бұру : қай кезде қоңыраулардың бағытын 
өзгерту керектігін таңдауға мүмкіндік береді.
• 
Қоңырауға тыйым салу : кіріс, шығыс немесе 
халықаралық қоңырауларды құлыптайды.
• 
Қоңырау ұзақтығы : қоңыраулардың түрлері үшін 
телефон арқылы сөйлесу ұзақтығын көруге мүмкіндік 
береді.
• 
Қосымша баптаулар : Қоңырау шалушының 
ұқсатқышы немесе Қоңырауды күттіру, т.б. сияқты 
келесі параметрлерді өзгертуге мүмкіндік береді.
[
Ортақ қойындысы] 
• 
Зерделі қайта жіберу : SIM1 арқылы қоңырау барысында, 
SIM2-ге қоңырау қабылдауға және керісінше жасауға 
мүмкіндік береді.
• 
Қолданба ашық кезде дауыстық қоңырауларды 
көрсету: қолданбаны пайдаланып жатқанда кіріс дауыс 
қоңырауының қалқымалы терезесін көрсету.
• 
Қоңырауды ажырату : қоңырауды қабылдамау 
функциясын орнатуға болады.
• 
Хабармен бірге қабылдамау : егер қоңырау 
қабылданбаса, осы функцияны пайдаланып тез хабарлама 
жіберуге болады. Бұл жиналыс кезінде қоңырауды 
қабылдамау керек болған жағдайда пайдалы.