LG H522y User Guide

Page of 422
4
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды 
орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін. 
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық 
құрал қателер журналын жинайды. Бұл құрал сигнал күші, 
кенеттен үзіліп кеткен кездегі ұялы идентификатор орны және 
жүктелген қосымшалар сияқты қатеге қатысты деректерді 
ғана жинайды. Журнал қатенің себебін анықтауға көмектесу 
үшін ғана пайдаланылады. Бұл журналдар шифрланған және 
құрылғыңызды жөндеуге алып барғаныңызда ғана оларды өкілетті 
LG қызмет көрсету орталығы аша алады.
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
 
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек осы телефон үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, зарядтағышты 
және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану 
телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және қауіпті 
болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы 
қажет болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға 
апарыңыз.
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының 
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен 
не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. 
Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей 
болу керек.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар