LG H522y User Guide

Page of 422
6
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті 
пайдаланбаңыз, ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге 
әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде қолданбағаннан болған 
әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.
Телефон – қалыпты жағдайда ыстық бөлетін электрондық 
құрылғы болып табылады. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті 
желдеткіштің жоқтығынан терімен тікелей байланыста болу 
ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті тудыруы мүмкін. 
Сондықтан, телефонды пайдалану барысында немесе 
әрекеттен кейін сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.
Телефоныңыз ылғалданып қалса, дереу ажыратып, 
толығымен құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш, 
микротолқынды пеш немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы 
жылыту көзін пайдаланбаңыз. 
Ылғал телефон ішіндегі сұйықтық телефон ішіндегі өнім 
белгісінің түсін өзгертеді. Сұйықтық әсерінен болған 
құрылғының зақымдануы кепілдікке кірмейді.
Телефонды тиімді түрде пайдалану
Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмысына әсер ететін кедергілер 
болуы мүмкін.
Телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында 
пайдаланбаңыз. Телефонды кардиостимулятордың жанына, 
мысалы, төс қалтада орналастырмаңыз.
Ұялы телефондар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына, 
компьютерлерге, т.б. әсер етуі мүмкін.