Polaris PWK 1819 CA Venice User Manual

Page of 22
 
17 
ауытқулары  бар  тұлғалардың  (балаларды  қоса  алғанда)  қолдануына  арналмаған. 
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз. 
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  ыдыс-аяқ  жуатын  шұңғылша  немесе  сумен 
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. 
 
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен құралды 
ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз. 
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.  
 
Құралды  тек  қана  жерге  тұйықталған  желіге  ғана  қосыңыз.  Сіздің  қауіпсіздігіңізді 
қамтамасыз  ету  үшін  жерге  тұйықталу  бекітілген  электр  техникалық  нормаларға  сәйкес 
келуі тиіс. Стандартты емес электрмен қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын 
пайдалануға болмайды. 
 
Ұзартқышты қолданғанда оның жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. 
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан айырады. 
 
Құралды  желіге  қоспас  бұрын,  оның  жоғарғы  «ӨШІРУ»  белгісінде  тұрғанына  көз 
жеткізіңіз. 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз. Құралмен пайдаланып болғаннан кейін және оны тазартпас бұрын 
немесе құрал сынып қалса оны әрдайым желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап 
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқан кезде оның штепсельді 
айыршадан ұстаңыз. 
 
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету 
құқығынан айырады. 
 
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға 
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау 
үшін сымды жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті мамандар - сервис орталығының қызметкері ғана ауыстыра алады. 
Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы 
мүмкін. 
 
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады 
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
Шәйнекті тек қана суды жылыту үшін қолданыңыз. Құралды басқа сұйықтықпен ешқашан 
толтырмаңыз. 
 
Ешқашан да суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.  
Назар  аударыңыз!  
Сіздің шәйнегіңіз күйіп кетуден сақтандыру жүйесімен жабдықталған. 
Егер  шәйнекте  су  аз  немесе  жоқ  болса,  ол  автоматты  түрде  сөнеді.  Егер  бұл  орын  алса, 
шәйнек суығанша кем дегенде жарты сағаттай күте тұрыңыз, содан кейін су құюға болады 
 
Шәйнекке тек ішуге жарамды, таза, суық суды құйыңыз.  
 
Шәйнекті  қабырғаға  таяу,  бөлменің  бұрышына,  салбырап  тұрған  тақтайлардың  немесе  ас 
үйлік шкафтардың астына қоймаңыз. 
 
Шәйнекті тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа орналастырыңыз.