Polaris PWK 1819 CA Venice User Manual

Page of 22
 
19 
1.  ұшы. 
2.  сүзгі 
3.  қақпақ. 
4.  қақпақты ашатын түймешік. 
5.  су деңгейінің шкаласы (max/min). 
6.  алмастырып-қосқыш «ҚОСУ/ӨШІРУ»; 
7.  түпқояр. 
8.  корпус 
 
Жинақталуы 
 
1.  Құрал 
2.  Түпқояр 
3.  Алмалы сүзгі 
4.  Пайдаланушының нұсқаулығы  
5.  Қызмет көрсету орталықтарының тізімі  
6.  Кепілдік талоны 
 
Жұмысқа дайындау және пайдалану 
 
 
Шәйнектен орайтын барлық материалдарды ішінен және сыртынан алып тастаңыз. Құралдың 
сыртқы бетінде жарнамалық жапсырмалар болса, олардың барлығын алыңыз. 
Ескертпе: үлгінің дизайнерлік әрленімінің бөлігі болып табылатын суреттерді кетірудің қажеті 
жоқ. 
 
Түпқоярды тегіс бетке орнатыңыз. 
 
Суық суды қыздыруға арналған сыйымдылықты бірнеше рет суық сумен шайып жіберіңіз. 
 
Шәйнекке қажетті мөлшерде ауыз су құйыңыз. 
 
Шәйнекті түпқоярға орнатыңыз. Айыршасын розеткаға жалғастырып қосыңыз.  
 
Шәйнекті  «ҚОСУ/ӨШІРІ»  ауыстырып-қосқышы  арқылы  қосыңыз.  Содан  кейін 
индикаторлық  шамы  жанады.  Су  қайнаған  кезде  шәйнек  автоматты  түрде  сөнеді. 
Ауыстырып-қосқыш  автоматты  түрде  «ӨШІРУ»  күйіне  қайта  келеді,  сонымен  бірге 
индикаторлық шамы сөнеді. 
 
Алғаш  рет  пайдаланар  алдында  шәйнектің  ішін  тазарту  үшін  екі  рет  су  қайнатып  алып,    
қайнаған суды төгіңіз.  
 
Шәйнекті  түпқоярдан  алмас  бұрын  оның  сөнгеніне  көз  жеткізіңіз  немесе  оның  өшіру 
батырмсасына басып, қолмен өшіріңіз. 
 
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз. 
 
Шәйнек сөнгеннен (суығаннан) кейін 15-20 секунд өткен соң шәйнекті қайтадан пайдалануға 
болады. 
Тазарту және күтім 
 
Құралды тазарту: 
 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріңіз және шәйнек суығанша күте тұрыңыз.  
 
Сымды, ашаны немесе электрмен қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып 
тұрған судың астында ұстамаңыз
 
Электр қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың  сыртын  алдымен  дымқыл  шүберекпен,  содан  кейін  құрғақ  сулықпен  сүртіңіз. 
Абразивті  жуғыш  құралдарын  және  металл  қылшықтан  жасалған  тырнайтын  губкаларды 
қолданбаңыз.