Polaris PWK 1515 CWr User Manual

Page of 21
 
17 
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Құралды  тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз 
ету  үшін    жерге  тұйықталу    бекітілген  электр  техникалық    нормаларға  сәйкес  келуі  тиіс. 
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын  пайдалануға болмайды. 
 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. 
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның  «ӨШІРУ» белгісінде  тұрғанына көз жеткізіңіз.   
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды    желілік  сымнан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  желілік  сымнан  ұстап  
желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсельді    ашадан 
ұстаңыз.   
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау 
үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті   мамандар -  сервис орталығының қызметкері  ғана ауыстыра  алады. 
Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған  жөндеу қолданушыны  қауiп-қатерге ұшыратуы  
мүмкін. 
 
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының  білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
Шәйнекті тек қана  суды жылыту үшін қолданыңыз. Құралды  басқа сұйықтықпен  ешқашан 
толтырмаңыз. 
 
Ешқашан да  суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.  
Назар  аударыңыз!  
Сіздің  шәйнегіңіз  күйіп  кетуден  сақтандыру  жүйесімен    жабдықталған. 
Егер шәйнекті су аз немесе жоқ болса, ол  автоматты түрде  сөнеді. Егер бұл орын алса, шәйнек 
суығанша кем дегенде жарты сағаттай күте тұрыңыз,  содан кейін су құюға болады. 
 
Шәйнекке тек ішуге жарамды суық суды құйыңыз. 
 
Шәйнекті қабырғаға таяу, бөлменің бұрышына, салбырап тұрған тақтайлардың немесе ас үйлік 
шкафтардың астына  қоймаңыз. 
 
Шәйнекті  тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа  орналастырыңыз.      
 
Шәйнекті max  белгісінен асыра және  0,5л. белгісінен төмен толтырмаңыз.  Егер шәйнекке су  
тым көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен  ағып, шашырап кетеді.   
 
Салбырап  тұрған  сымдар  оқыс  оқиғалардың    себепкері  болуы  мүмкін,  әсіресе,  егер  сымды 
балалар  тартқылаған  болса.  Шәйнекті  үстелдің  шетінен/жұмыстық  қабаттан  барынша  алыс   
жұмыстық қабатқа қойыңыз. 
 
Ешқашан шәйнекті қақпақсыз  қолданбаңыз және  қызу кезінде қақпақтың мұқият жабылғанын  
қадағалаңыз. 
 
Шәйнек түпқоярда тұрған кезде ешқашан су құймаңыз.  
 
Құрал жұмыс істеп тұрғанда ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз.  
 
Шәйнектің  сыртқы  бетін    ұстамаңыз      (қосылғаннан  кейін  ол  қатты  қызады),  сондай-ақ 
қақпақтан шығып тұрған буға қолыңызды төсемеңіз.   Шәйнекті тек тұтқасынан  ұстаңыз.  
 
Суды шәйнектен абайлап құйыңыз.  Ішінде ыстық судың барын есіңізде ұстаңыз.   
 
Егер шәйнек, қоректендіру түпқояры, сым немесе ашасы ақаулы болса, құралды қолданбаңыз.  
 
Шәйнекті жылу көзінің қасына қоймаңыз (өйткені құралдың корпусы  бүлінуі мүмкін).