Polaris PWK 1515 CWr User Manual

Page of 21
 
18 
 
Қоректендіру  түпқоярының  электр  жалғауына,  сымға,  ашаға  немесе  ауыстырып-қосқышқа  
судың  тиіп кетпеуін қадағалаңыз. 
 
Қоректендіру  түпқояры    тек  қана    POLARIS  шәйнегімен  қолданылады,  сондай-ақ,  шәйнек  те 
жинаққа кіретін түпқоярмен ғана қолданылады. 
 
Шәйнекті түпқоярға орналастыру кезінде  қосу тетігі  ӨШІРУ белгісінде  тұруы тиіс. 
 
Пайдалану саласы 
Құрал  осы  Нұсқаулыққа  сәйкес,  тек  қана    тұрмыста  қолдануға    арналған.  Құралды  өнеркәсіптік 
мақсатта  пайдалануға болмайды.  
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде 
туындаған  залал үшін жауапты емес. 
 
Құралдың сипаттамасы                                                  
 
 
1.  Құралдың қақпағы 
2.  Құралдың қақпағын  ашу  тетігі 
  3.  ҚОСУ/ӨШІРУ  ауыстырып-қосқышы 
  4.  Шәйнектің тұтқасы  
5.  Түпқояр  
6.  Су деңгейінің шкаласы  
7.  Сыртқы беті 
 
Жинақталуы 
1.Құрал 
2.Түпқояр 
3. Сүзгі 
4. Пайдаланушының нұсқаулығы 
5. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 
6. Кепілдік  талоны 
 
Жұмысқа дайындау және пайдалану 
 
Шәйнектен орайтын барлық материалдарды ішінен және сыртынан алып тастаңыз. Құралдың 
сыртқы бетінен барлық жапсырмаларын алып тастаңыз. 
 
Түпқоярды тегіс бетке орнатыңыз. 
 
Қыздыруға арналған сыйымдылықты бірнеше рет суық сумен шайыңыз. 
 
Шәйнекке қажетті мөлшерде су  құйыңыз.