Polaris PFD 0605 D User Manual

Page of 25
22 
 
 
Жасыл  бұршақ,  гүлді  қырыққабат,  брокколи,  қояншөп  секілді  көкөністерді  алдын  ала 
булауға  (3-5  минут  аралығында  ыстық  бумен,  қайнатылған  сумен  немесе  маймен  өңдеу) 
кеңес  беріледі.  Егер  өнімге  қышқыл  дәмді  сыйлауды  қаласаңыз,  өнімді  2  минутқа  лимон 
шырынына салып қойыңыз.  
 
Кептірілген  өнімдерді  құрғақ,  салқын,  қараңғы  жерде  сақтаңыз.  Сақтаудың  оңтайлы 
температурасы15º және одан төмен көрсеткішті құрайды.  
 
Кептірілген өнімді мұздату жағдайында максималды сақтау мерзімі – 1 жыл.  
 
Кептірілген өнімдерді металл ыдыстарда сақтамаңыз. 
 
Сақтауға арналған пакеттер мен контейнерлерді ауа кірмейтіндей етіп жабу қажет.   
 
5. 
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
  
 
 
Құралды желіден ажыратыңыз және оның толық сууын күтіңіз.  
 
Бейтарап  жуу  құралын  пайдалана  отырып  жылы  суда  құралдың  қақпағы  мен  өнімдерге 
арналған  алынбалы  себеттерді  жуыңыз.  Себеттің  беткі  бөлігінен  қатып  қалған  өнімдерді 
және шырынды жою үшін оны алдын ала сабынды, жылы суға салуға кеңес беріледі.  
 
Құралдың корпусын суға салмаңыз, оны дымқыл матамен сүртіңіз.  
 
Құралдың  негізін  ұқыптылықпен  дымқыл  матамен  сүртіңіз.  Құралдың  негізінде  қалған 
өнімдер мен шырынды жылы, сабынды суға батырылған матамен тазартуға болады. 
 
Құралды жуып, тазартып болғаннан кейін оны толығымен кептіру қажет. 
 
Агрессивті  және  абразивті  жуу  құралдарын,  сондай-ақ  органикалық  ерітінділерді 
пайдалануға тыйым салынады. 
 
Құралдың алынбалы бөліктерін ыдыс жуғыш машинасында жумаңыз. 
 
Құралды құрғақ, салқын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. 
 
 
Өрттің  пайда  болуын  алдын-алу,  электр  тогымен  зақымданбау,  құралды  пайдалану 
барысында  жарақаттан  сақтанып,  оны  бүлдірмеу  үшін  мультипісіргішті  қолдану 
барысында  қауіпсіздіктің  негізгі  шараларын,  сондай-ақ  электр  құрылғыларымен 
жұмыс  атқару  барысында  қауіпсіздік  бойынша  жалпы  нұсқауларды  қатаң  түрде 
қадағалаңыз. 
 
6. 
БҰЛ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
 
 
 
Құрал тек тағам өнімдерін кептіруге арналған. 
 
Өнімдерді кептіру үшін оларды желдеткіші бар құралдың негізіне салмаңыз.  
 
Құралды тек  тегіс, таза, құрғақ қабатта тез тұтанатын және жанғыш заттардан қашықтықта 
орналастырыңыз.  
 
Жұмыс істеп тұрған құралды жұмсақ қабатқа (кілем, сүлгі, майлық) қоймаңыз.  
 
Жұмыс  барысында  құралдың  астыңғы  жағында  ауаның  таралуы  үшін  көзге  көрінетін 
саңылаудың болуы қажет.  
 
Жұмыс істеп тұрған құралды матамен немесе өзге заттармен жаппаңыз. 
 
Толық  кеппеген  өнімдерді  құралдың  ішінде  ұзақ  уақытқа  қалдырмаңыз,  әйтпесе  олар 
құртылып кетуі мүмкін. 
 
Құралды  40  сағаттан  астам  уақытқа  қосуға  болмайды.  40  сағат  уақытқа  тең  үздіксіз 
жұмыстан кейін құралды ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына  басу арқылы сөндіру қажет, 
содан соң кептіргішті желіден ажыратыңыз, кем дегенде 2 сағатқа суу үшін қалдырыңыз.  
Назар аударыңыз! 
Кез келген түрдегі ақау орын алса, авторланған қызмет орталығына хабарласыңыз.