Polaris PFD 0605 D User Manual

Page of 25
23 
 
7. 
ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ 
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
 
 
 
Құрал тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. 
 
Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. 
 
Әр  жолы    құралды  қоспас  бұрын    оны  қарап  шығыңыз.  Құралдың  және  желілік  сымның 
ақауы анықталған жағдайда,  құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды. 
 
Құрал  мен  желілік  сым  жоғары  температураның  әсеріне,  тікелей  күн  көзіне  және  ылғалға 
ұшырамайтындай етіп сақталуы керек. 
 
Жұмыс  істеп  тұрған  құралды    бақылаусыз  қалдырмаңыз!  Егер  Сіз  құралды 
пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріңіз. 
 
Құралды зауыт қорабында, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. 
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  ыдыс-аяқ  жуатын  шұңғылша  немесе  сумен 
толтырылған басқа ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды.
 
 
Құралды  суға  немесе  басқа  сұйықтықтарға  салуға    мүлдем  болмайды.    Ылғал  қолмен 
құралды ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз. 
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек. 
 
Құралды тек  қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз. 
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады.
 
 
Құралды  желіге  қоспас  бұрын,  оның    ауыстырып  қосатын  тетігі  өшірілу  белгісінде  
тұрғанына көз жеткізіңіз. 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
оны әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап  
желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсельді  
айыршадан ұстаңыз. 
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады. 
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды,  себебі,    уақыт  өте  келе  бұл  сымның    үзілуіне  әкеп  соғуы  мүмкін.    Қашанда 
сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды  тек  қана  білікті    мамандар  –  қызмет  көрсету  орталығының  қызметкері  ғана 
ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны  қауiп-
қатерге ұшыратуы  мүмкін. 
 
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының  білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек. 
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады 
 
8.  ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ 
1.  Құрал 1 дана. 
2.  Пайдаланушының нұсқаулығы 
3.  Қызмет көрсету орталықтарының тізімі  
4.  Кепілдік талон 
 
 
Назар  аударыңыз!    Пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін    электр  құралын  әдеттегі 
тұрмыстық  қалдықтармен бірге   лақтырмай, жоятын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз 
қоршаған ортаны сақтауға  көмектесесіз.