Samsung RF24 Холодильник с диспенсером для приготовления газированной воды, 495 л User Manual

Page of 188
( 7 )
Газдалған су
(Газдалған су құралын сөндіру (3 сек))
Sparkling (Газдалған су) түймешігі үш 
мақсатта қолданылады:
 
- Газдалған (газ қосылған) су алу үшін.
 
- Газдалған судың құрамындағы газдың 
концентрациясын таңдау үшін.
 
- Газдалған су жасау функциясын қосу 
жəне сөндіру үшін.
1) Газдалған (газ қосылған) су алу үшін.
Газдалған су алу үшін Sparkling Water 
(Газдалған су) түймешігін басыңыз.
Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін 
Cubed Ice (Мұз текшесі) немесе Crushed 
Ice (Мұз қиыршықтары) режимі таңдалып 
тұрғанда бассаңыз, Газдалған су 
индикаторы жанады.
Газдалған су таусылған кезде немесе 
тоңазытқыш газдалған су жасамай тұрса, 
диспенсер газдалған су бермейді.
2) Газдалған судың құрамындағы газдың 
концентрациясын таңдау үшін.
Газдалған су индикаторы жанып тұрғанда 
Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін 
бассаңыз, газдың концентрациясы мына 
рет бойынша өзгереді;
Орташа (Деңгей-2) → Күшті (Деңгей-3) →
Əлсіз (Деңгей-1) → Орташа (Деңгей-2).
Тоңазытқыш келесі жолы газдалған 
су жасаған кезде жаңа Газ 
концентрациясының деңгейі қолданылады.
 
- Егер Газдалған су сауытында осыған 
дейін жасалған газдалған су бар болса, 
тоңазытқыш газдалған суды алдыңғы газ 
концентрациясының деңгейін қолданып 
береді.
(Газ концентрациясының деңгейі 
тоңазытқыш келесі жолы газдалған су 
жасағанша өзгермейді.)
 
- Тоңазытқыш газдалған су жасап 
тұрғанда, Газ концентрациясы деңгейінің 
индикаторы кезекпен жанады (Деңгей-1 
 Деңгей-2 → Деңгей-3 → Деңгей-1, 
т.с.с.).
Sparkling Water (Газдалған су) 
түймешігін тоңазытқыш газдалған су 
жасап тұрғанда бассаңыз, ағымдық газ 
концентрациясының деңгейі бірнеше 
секунд көрсетіліп тұрады да, содан 
кейін Газ концентрациясы деңгейінің 
индикаторы қайта кезекпен жана 
бастайды. 
Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін 
ағымдық газ концентрациясының деңгейі 
көрсетіліп тұрғанда бассаңыз, газ 
концентрациясының деңгейі өзгереді.
Газ концентрациясының деңгейі 
тоңазытқыш келесі жолы газдалған су 
жасаған кезде қолданылады.
3) Газдалған су жасау функциясын Қосу / 
Сөндіру
Осы түймешікті 3 секунд басқан сайын, 
Газдалған су жасау функциясы қосылады 
немесе сөнеді. 
Газдалған су жасау функциясын қосқан 
кезде тоңазытқыш газдалған (газ қосылған) 
су жасай бастайды.
(Газдалған су жасау функциясын қосқаннан 
кейін, біраз секундтан кейін сөндірсеңіз, 
газдалған су жасау үдерісі тоқтайды. 
Егер бірнеше секундтан да көп уақыт өтсе, 
тоңазытқыш газдалған су жасай бастайды. 
Тоңазытқыш газдалған су жасап тұрған 
кезде, газдалған су бере алмайды.)
Газдалған су жасау функциясын сөндірген 
кезде дисплейдегі “OFF” (СӨНДІРУ) белгісі 
жанады.
Газдалған су жасау функциясын қосқан 
кезде дисплейдегі “OFF” (СӨНДІРУ) белгісі 
сөнеді. 
Газдалған су жасау функциясы сөніп 
тұрғанда, тоңазытқыш газдалған су 
жасамайды.
Тоңазытқыш газдалған су жасау үдерісінің 
ортасына келгенде функцияны сөндірсеңіз, 
онда ол ағымдық əрекетті аяқтағаннан кейін 
функцияны кідіртеді.
Тоңазытқыш жасалған кезде Газдалған 
су жасау функциясы “OFF” (СӨНДІРУ) 
қалпына қойылған. 
Су түтіктерін қосқанда немесе 
CO
2
 цилиндрін орнатқанда немесе 
ауыстырғанда, Газдалған су жасау 
функциясын осы əрекеттерді бастамай 
тұрып сөндіріңіз.
Функцияны осы жұмыстарды аяқтағаннан 
кейін ғана қосыңыз.
Газдалған су жасау үшін CO
2
 цилиндрін 
орнату керек.
Нұсқауларды CO
2
 цилиндрлерін орнату 
жəне пайдалану тарауынан қараңыз.
Қазақша - 32
DA68-03022F-07.indb   32
DA68-03022F-07.indb   32
2017. 2. 7.   
 4:35
2017. 2. 7.   
 4:35