Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 40
Samsung Smart Home бағдарламалық жасақтамасын пайдалану
Негізгі функциялары
• 
Samsung смарт құрылғыларының біріктірілген басқару жүйесі
Samsung смарт құрылғыңызды Samsung Smart Home қызметіне тіркеп, оған оңай баруға мүмкіндік алыңыз. Кір 
жуғыш машинаның негізгі функцияларына кез келген жерден қол жеткізу үшін бағдарламалық жасақтамадан кір 
жуғыш машинаның белгісін таңдаңыз. 
• 
Негізгі перне
Негізгі перне 4 режимнен тұрады: Going out  (Сыртқа шығу), Coming home (Үйге келу), Good night (Қайырлы түн) 
және Good morning (Қайырлы таң).
• 
Чатты басқару
Смарт құралдар арасында әңгімелесуге және құралды басқару үшін ақпарат алуға болады.
• 
Үйді бақылау
Сыртта жүрген кезде тұратын бөлмеңізді бақылау үшін смарт құралыңыздың кіріктірілген камерасын 
пайдаланыңыз.
• 
Тұтынушыға қолдау көрсету
Құрылғының нұсқаулығын қотарып алыңыз немесе сервистік жөндеуге өтініш беріңіз.
Кір жуғыш машинада қызметтің кейбір функцияларына қолжетімсіз болуы мүмкін.
Samsung Smart Home Кір жуғыш машинасының бағдарламасы
Кір жуғыш машинаны үйден және сырттан басқарыңыз және бақылаңыз.
1.  Кір жуғыш машинаңызды Samsung Smart Home бағдарламалық жасақтамасына тіркеңіз.
2.  Қашықтан басқару функциясын қосу үшін кір жуғыш машинаның Smart Control (Смарт басқару) функциясын 
қосыңыз.
3.  Ұялы құралдан кір жуғыш машинаның белгісін таңдап, Start (Бастау) пәрменін түртіңіз.
Бұл Samsung Smart Home қызметіне қолдау көрсететін ақылды кір жуғыш 
машина.
Қосымша ақпаратты www.samsung.com сайтынан қараңыз.
Untitled-14   40
2016-02-04     5:54:52