Panasonic CZRTC5 Operating Guide

Page of 45
24
(KZ)
Қуат үнемдеу
 
ECONAVI
Бұл функция қосымша ECONAVI датчигін бекіткенде қол жетімді болады.
ECONAVI датчигі адам белсенділігін анықтайды жəне белсенділік деңгейінің 
негізінде қуатты үнемдейді. 
ECONAVI функциясына шолу
Жоғары белсенділік
• Салқындату:  Мақсатты температура орнатылған 
температурамен бірдей.
• Қыздыру:  Мақсатты температура орнатылған температурадан 
1 °C төменірек.
Төмен белсенділік
• Салқындату:  Мақсатты температура орнатылған 
температурадан 1 °C жоғарырақ.
• Қыздыру:  Мақсатты температура орнатылған температурамен 
бірдей.
Бөлмеде ешкім жоқ
Бөлмеде 20 минут бойы ешкім жоқ
• Салқындату:  Мақсатты температура орнатылған 
температурадан 2 °C жоғарырақ.
• Қыздыру:  Мақсатты температура орнатылған температурадан 
2 °C төменірек.
Бөлмеде 3 сағат бойы ешкім жоқ
• Салқындату:  Салқындату тоқтатылады жəне құрылғы тек 
вентилятор режимінде болады.
• Қыздыру:  Қыздыру тоқтатылады жəне құрылғы тек вентилятор 
режимінде болады.
* Бос болған бөлмеде 
қозғалыстарды 
анықтаса, датчик 
белсенділік деңгейіне 
сай жұмысты 
жалғастырады.
ЕСКЕРТПЕ
 
Тіпті мақсатты температура ECONAVI функциясы арқылы өзгертілсе де, 
қашықтықтан басқару пультінде көрсетілген орнатылған температура 
өзгермейді.
 
Тіпті Cooling/Heating (Салқындату/Қыздыру) режимі ECONAVI функциясы 
арқылы Fan (Вентилятор) режиміне өзгертілсе де қашықтықтан басқару 
пультінде бəрібір Cooling/Heating (Салқындату/Қыздыру) режимі көрсетіледі.
 
Жұмыс бөлме босатылғаннан 3 сағат аралықтан кейін орындалуы үшін 
келесі опциялардан таңдауға болады.
•  Тек Fan (Вентилятор) режимінде жұмыс істейді.
•  Адам қозғалыстары анықталғаннан кейін əрекеттерді тоқтатады жəне 
жалғастырады.
•  Тіпті адам қозғалыстары анықталғаннан кейін де əрекеттерді тоқтатады 
жəне жалғастырмайды.
•  Ағымдағы режимде жұмыс істеуін жалғастырады.
Солай істеу керек болса, дилерге хабарласыңыз.