Panasonic ERSB60 Operating Guide

Page of 68
58

Қа
зақ
ша
Пайдалану әдісі
• Құрылғыны өшіріңіз.
• Алмасты қолдану алдында және соңында май жағыңыз. (62 бетін қараңыз.)
• Құрылғы шамамен 5 °C-тан төменірек қоршаған орта 
температурасында жұмыс істемей қалуы мүмкін.
• Қырыну көбігі жағылған немесе сақал су болған жағдайларда 
пайдаланбаңыз. Ылғалды сақал теріге жабысып немесе шатасып, 
қырқуды қиын етуі мүмкін.
• Қырқу алдында тарақпен мұртты тараңыз.
Қажет саптаманы бекітіңіз және қырқу биіктігін 
қажетінше реттеңіз.
 түймесін басып, қырқыңыз.
 •Қосқыш құлпының шамы ( ) жыпылықтап 
тұрғанда тоқты қосу мүмкін емес, өйткені тоқ 
қосқыш құлыпталған. 
Құлыпты ашу үшін тоқ қосқышты 2 секундтан 
көбірек басыңыз. (Осы бетті қараңыз.)
Қырқу биіктігінің тарағы саптамасын 
пайдалану
(59 бетін қараңыз.)
Дәл қырқу саптамасын пайдалану
(60 бетін қараңыз.)
Саптамасыз пайдалану
(60 бетін қараңыз.)
Батарея заряды төмен болғанда құрылғыны пайдалану 
кезінде «LOW» (ТӨМЕН) шамы жыпылықтайды.
Өшіргеннен кейін құрылғы екі рет дыбыстық сигнал 
шығарады.
«LOW» (ТӨМЕН) жыпылықтағаннан шамамен 5 минуттан 
кейін қырқуға болады. (Қолдану шартына байланысты.)
Аяқтағанда   түймесін басыңыз.
Тоқ қосқышын құлыптау/құлпын ашу
 
Тоқ қосқышын құлыптау
1. 
 түймесін 2 секундтан көбірек басыңыз.
 •Қосқыш құлпының шамы ( ) 5 секунд бойы жанып, 
өшеді.
 •Құрылғы жұмыс істеуін тоқтатады.
2. 
 түймесін жіберіңіз.
 
Тоқ қосқышының құлпын ашу
1. 
 түймесін 2 секундтан көбірек басыңыз.
 •Қосқыш құлпының шамы ( ) өшеді.
2. Құрылғы жұмыс істей бастағаннан кейін   жіберіңіз.
Айнымалы токтан жұмыс істеу
Айнымалы ток адаптерін құрылғыға зарядтаумен бірдей қосып, 
қуатты қоссаңыз, оны пайдалана аласыз.
• Егер қалған батарея заряды өте төмен болса, тіпті айнымалы токтан 
жұмыс істегенде де алмастар баяу жылжуы немесе тоқтауы мүмкін. 
Бұл жағдайда батареяны 1 минут бойы немесе көбірек зарядтаңыз.
• Тіпті айнымалы токтан жұмыс істесе де, батарея заряды таусылады.
ER-SB60_CIS.indb   58
2017/08/04   16:27:39