Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Жұмысқа кірісу
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
74
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
-
Print in Foreground (Алдыңғы көрініс режимінде басып шығару) 
опциясы титул парағының кейбір мəтіні көрінбей қалатындай етіп, 
титул парағының мəтінін су таңба астынан басып шығарады.
OK түймешігін басыңыз.
10. Құрылғы арқылы растау парағын басып шығару, арнайы жіберу жылдамдығын 
немесе ажыратымдылықты қолдану, белгілі бір уақытта жіберу, префикспен нөмір 
теруді қолдану немесе кредиттік карта мəліметтерін қосу қажет болса, Options 
(Опциялар)
 қойындысын басыңыз.
Егер қажет болса, тапсырманың факспен сəтті жіберілгендігін растайтын бетті 
құрылғы арқылы басып шығару үшін, Confirmation Sheet (Растау парағы) 
мəзірінен Print a Confirmation Sheet (Растау парағын басып шығару ) 
опциясын таңдаңыз. Егер тапсырма сəтсіз аяқталса, құрылғыны сіздің жүйелік 
əкімшіңіздің қалай конфигурациялағанына байланысты құрылғы қате туралы 
парақты басып шығаруы мүмкін.
Егер қажет болса, Send Speed (Жіберу жылдамдығы) мəзірінен қажетті 
бастапқы жіберу жылдамдығын таңдаңыз.
Егер қажет болса, Fax Resolution (Факс ажыратымдылығы) мəзірінен қажетті 
ажыратымдылықты таңдаңыз. Жоғары ажыратымдылық жіберу үшін ұзақ 
уақытты алады.
Қажет болса, Send Time (Жіберу уақыты) опциясының көмегімен құрылғының 
тапсырманы жіберу уақытын таңдаңыз.
Қажет болса, Dialing Prefix (Нөмірді теру префиксі) өрісін таңдаңыз жəне 
негізгі факс нөміріне дейін терілуі тиіс таңбаны енгізу үшін пернетақтаны 
пайдаланыңыз.
Егер қажет болса, Credit Card (Кредиттік карта) өрісін таңдап, кредиттік 
карта нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
OK түймешігін басыңыз.
11. Параметрлерді сақтау үшін OK түймешігін басыңыз.
12. Растау түймешігін басыңыз, оның аты сіз басып шығаратын қолданбаға 
байланысты өзгереді. Қолданбалардың көпшілігінен OK немесе Print (Басып 
шығару)
 түймешігін басыңыз.
13. Құрылғының орнатылғанына байланысты, Fax Confirmation (Факсты растау) 
экраны тапсырмаңызға арналған факс алушыларын көрсетуі мүмкін. Егер қажет 
болса, растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Workflow Scanning (Жұмыс ағынын 
сканерлеу) функциясын қолдану
Workflow Scanning (Жұмыс ағынын сканерлеу) функциясы басып шығарылған 
құжаттарды электрондық кескіндерге түрлендіреді жəне оларды желілік тіркеу 
мекенжайларына (репозиторийлеріне) сақтайды.
Сканерлеу жасалған кезде, Үлгі қолданылуы қажет - үлгі тіркеу мекенжайын жəне 
кескін сапасы сияқты басқа сканерлеу параметрлерін қамтиды. Сканерлеуді жасаған 
кезде, тіркеу мекенжайын емес сканерлеу параметрлерін өңдей аласыз.
Ескертпе: 
Бұл опция сіздің жүйелік əкімшіңіз арқылы қолжетімді болуы қажет.