Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Жұмысқа кірісу
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
76
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
E-mail (Электрондық пошта) 
функциясы арқылы жіберу
Кескіндерді сканерлеу үшін жəне оларды электрондық поштаға тіркеме ретінде 
алушыға жіберу үшін, E-mail (Электрондық пошта) функциясын қолданыңыз
Ескертпе: 
Бұл опция сіздің жүйелік əкімшіңіз арқылы қолжетімді болуы қажет.
Егер құрылғыда аутентификация немесе есеп жүргізу іске қосылса, E-mail 
(Электрондық пошта) функцияларына қатынасу үшін жүйеге кіру мəліметтерін енгізу 
қажет болуы мүмкін.
1.  Құжаттарды құжат бергіштің кіріс науасына бетін жоғары қаратып жүктеңіз. 
Құжаттарды жəй түрту арқылы бағыттауышты баптаңыз.
немесе
Құжат бергішті көтеріңіз. Құжат бетін құжатқа арналған əйнекке төмен қаратып 
қойыңыз жəне оны жоғарғы сол жақ бұрыштағы көрсеткі арқылы тіркеңіз. Құжат 
бергішті жабыңыз.
2.  Алдыңғы кез келген бағдарламалау таңдауларын болдырмау үшін басқару 
панелінде Барлығын тазалау түймесін екі рет басыңыз, одан кейін сенсорлы 
экранда Растау түймесін таңдаңыз.
3.  Services Home Services (Қызметтердің басты беті) түймесін басыңыз.
4.  Сенсорлы экрандағы E-mail (Электрондық пошта) түймешігін басыңыз.
5.  Алушыны енгізу түймесін таңдаңыз.
6.  Алушының электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, сенсорлы экран 
пернетақтасын қолданыңыз.
Енгізуге болатын əріптік-сандық таңбалар саны таңдалған таңбалар көлеміне 
тəуелді болып табылады. Өрістің соңына жеткен кезде, таңбаларды қосу 
мүмкін болмайды.
Таңбаны жою үшін, Backspace X түймешігін қолданыңыз.
$ жəне % сияқты арнайы таңбаларға қатынасу үшін, арнайы таңбалар 
түймешігін қолданыңыз.
Төменгі оң жақ бұрышында белгішесі бар түймешіктердің ерекшеленген 
немесе қосымша таңбалары бар. Қалқымалы мəзірдегі қатысты таңбаларды 
көрсету үшін түймешікті басып, ұстап тұрыңыз. Қалқымалы мəзірден қажетті 
таңбаны таңдаңыз.
Мекенжай кітабында жаңа контакт жасау немесе бар контактіге электронды 
пошта мекенжайын қосу үшін Мекенжайлар кітабына қосу түймесін 
таңдаңыз.
Ескертпе: 
Егер электрондық пошта шифрлауы іске қосылса, электрондық хаттар 
жарамды шифрлау сертификаты бар алушыға ғана жіберілуі мүмкін. Шифрлау 
хабарды тағайындалған алушыдан басқа адамның оқи алмайтындығына көз 
жеткізеді. Сонымен қатар, қосылған электрондық поштаға жазылу арқылы, алушы 
хабардың жіберуші ретінде белгіленген тұлғадан келгендігіне көз жеткізеді.
7.  Қосу түймесін таңдаңыз.
Егер сіз құжатты бірнеше алушыға жібергіңіз келсе Алушыны қосу түймесін 
басыңыз, электронды пошта мекенжайын енгізіңіз жəне Қосу түймесін қайта 
басыңыз. Алушылардың барлығы қосылғанша қайталаңыз.