Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
111
3. Қызмет көрсету
Тонерді қайта тарату
Тонер картриджін пайдалану мерзімі аяқталайын дегенде:
Ақ жолақтар немесе дақтар басып шығарылады жəне/немесе тығыздық жан-жақта əр түрлі болады. 
Status ЖД қызыл түспен жыпылықтайды. Дисплейге тонердің төмен екендігі жайлы тонерге қатысты хабарлама шығуы мүмкін. 
Компьютер экранына компьютердің Состояние принтера Samsung бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері төмен екенін 
ескертеді (388-беттегі "Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Бұл орын алса картриджде қалған тонерді қайта тарату арқылы басып шығару сапасын уақытша жақсарта аласыз. Кейбір жағдайларда ақ 
жолақтар немесе ашық басып шығару тіпті тонерде қайта таратудан кейін де орын алады.
 
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. 
Құрылғының түрін тексеріңіз (26-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
 
 
• Зақымнан қорғау үшін, тонер картриджін бірнеше минуттан артық жарықта ұстамаңыз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз. 
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз. 
• Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі 
мүмкін.
• Егер тонер киімге тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.