Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
113
3. Қызмет көрсету
Тонер картриджін ауыстыру
Құрылғы төрт түрлі түсті қолданады жəне əрқайсысы үшін жеке тонер картриджі бар: сары (Y), маджента (M), көгілдір (C) жəне қара (K).
Дисплейдегі көрсеткіш шамы күйі мен тонерге қатысты хабарлама əр жеке тонер картридждері қашан ауысатынын көрсетеді.
Компьютер экранына компьютердің Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері төмен екенін ескертеді 
(388-беттегі "Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Құрылғының тонер картриджінің түрін тексеріңіз (105-беттегі "Қолжетімді шығын материалдары" қараңыз).
 
• Тонер картриджін жақсылап шайқаңыз, бұл бастапқы басып шығару сапасын арттырады.
• Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. 
Құрылғының түрін тексеріңіз (26-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
 
 
• Зақымнан қорғау үшін, тонер картриджін бірнеше минуттан артық жарықта ұстамаңыз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз. 
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз. 
• Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі 
мүмкін.
• Егер тонер киімге тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.