Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
Сымсыз желіні орнату
264
2.  Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
IP мекенжай: 169.254.133.42
Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0
Онда құрылғының желілік ақпараты төмендегідей болуы керек:
IP мекенжай: 169.254.133.43
Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0 (Компьютердің ішкі желі 
бүркенішін пайдаланыңыз).
Шлюз: 169.254.133.1
Басқа мəселелер
Құрылғыны желіде пайдаланғанда мəселелер орын алса, төмендегіні 
тексеріңіз: 
 
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) туралы ақпарат 
алу үшін оның өзінің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. 
 
Сымды жəне сымсыз желілерді бір уақытта қоса алмайсыз.
Компьютеріңіз, қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) не 
құрылғы қосылмаған болуы мүмкін.
Құрылғының айналасындағы сымсыз қабылдауды тексеріңіз. 
Маршрутизатор машинадан алыс болса немесе кедергі болса, 
сигналды қабылдау қиын болады. 
Қатынас орнын (немесе сымсыз маршрутизаторды), құрылғыны 
жəне компьютерді өшіріп қосыңыз. Кейде өшіріп, қосу желі 
байланысын қалпына келтіруі мүмкін.
Желіаралық дидар бағдарламасын (V3 немесе Norton) байланысты 
бұғаттап жатпағанын тексеріңіз. 
Егер компьютер жəне машина бірдей желіде қосылған болса жəне 
іздегенде оны табу мүмкін болмаса, байланысты брандмауэр 
бағдарлама құрсаулауы мүмкін. Оны өшіру үшін пайдаланушы 
нұсқаулығын қараңыз жəне құрылғыны қайтадан іздеп көріңіз.
Құрылғының IP мекенжайы дұрыс бөлінгенін тексеріңіз. IP 
мекенжайды желілік теңшелім туралы есепті басып шығару арқылы 
тексеруге болады.
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) қауіпсіздік 
(құпиясөз) теңшелгенін тексеріңіз. Егер оның құпия сөзі болса, 
қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың) əкімшісіне 
хабарласыңыз.
Машинаның IP мекенжайын тексеріңіз. Құрылғы драйверін қайта 
орнатыңыз жəне желідегі құрылғыға қосылу параметрлерін 
өзгертіңіз. DHCP ерекшеліктеріне байланысты құрылғыны ұзақ 
уақыт бойы пайдаланбаса немесе қатынас орны ысырылмаса, 
бөлінген IP мекенжай өзгеруі мүмкін.
Қатынас нүктесінде (немесе сымсыз маршрутизаторда) DHCP 
серверін теңшеген кезде өнімнің MAC мекенжайын тіркеңіз. МАС 
мекенжайымен бірге орнатылған ІP мекенжайын əрқашан қолдана 
аласыз. Құрылғының MAC мекенжайын желі теңшелімі туралы 
есепті басып шығару арқылы анықтауға болады (202-беттегі "Желі 
конфигурациясы есебін басып шығару" 
бөлімін қараңыз).