Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
266
2.  Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Samsung Mobile Print
24 
Samsung Mobile Print деген не?
Samsung Mobile Print - пайдаланушыларға фотосуреттерді, 
құжаттарды жəне веб-беттерді смартфоныңыздан немесе 
планшетіңізден тікелей басып шығаруға мүмкіндік беретін тегін 
бағдарлама. Samsung Mobile Print тек Android жəне iOS 
смартфондарымен ғана емес, сонымен қатар iPod Touch жəне қалта 
компьютерімен үйлесімді. Ол ұялы құрылғыны желіге қосылған 
Samsung принтеріне немесе сымсыз принтерге Wi-Fi қатынасу нүктесі 
арқылы қосады. Жаңа драйверді орнату немесе желілік параметрлерді 
теңшеу қажет емес – жай ғана Samsung Mobile Print бағдарламасын 
орнатыңыз да, ол үйлесімді Samsung принтерлерін автоматты түрде 
анықтайды. Фотосуреттерді, веб-беттерді жəне PDF файлдарын 
басып шығару мүмкіндігіне қоса, сканерлеу де қолданады. Сізде 
Samsung көп функциялы принтеріңіз болса, кез келген құжатты ұялы 
құрылғыңызда жылдам жəне оңай көру үшін JPG, PDF немесе PNG 
пішіміне сканерлеңіз. 
25 
Samsung Mobile Print бағдарламасын қотару
Samsung Mobile Print бағдарламасын қотару үшін ұялы 
құрылғыңыздағы бағдарламалар қалтасына (Samsung Apps, Play 
Store, App Store) өтіп, “Samsung Mobile Print” бағдарламасын іздеңіз. 
Компьютеріңіздегі Apple құрылғыларын табу үшін iTunes торабына 
өтуге болады.
26 
Қолданатын ұялы амалдық жүйе 
Android OS 2.3 немесе жоғарырақ 
iOS 4.0 немесе жоғарырақ