Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м) Manual De Usuario

Descargar
Página de 216
46
3. 
Қызмет көрсету
Тонер картриджін сақтау
Тонер картриджінде жарыққа, температураға жəне ылғалға сезімтал құрамдастар бар. Samsung компаниясы жаңа Samsung тонер картриджінің 
оңтайлы өнімділігін, ең жоғары сапасын жəне ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз ету үшін осы ұсыныстарды орындауды ұсынады.
Бұл картриджді принтер пайдаланылатын жерде сақтаңыз. Бұл бақыланатын температура жəне ылғалдылық жағдайлары болуы керек. Орнатуға 
дейін тонер картриджі бастапқы, ашылмаған орамасында болуы керек – егер бастапқы орама жоқ болса, картридждің жоғары тесігін қағазбен 
жабыңыз жəне қараңғы шкафта сақтаңыз.
Картридж орамын пайдалануға дейін ашу оның пайдалы жұмыс мерзімін айтарлықтай қысқартады. Еденде сақтамаңыз. Егер тонер картриджі 
принтерден алынса, тонер картриджін тиісті түрде сақтау үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Картриджді бастапқы орамадан алынған қорғаушы пакетте сақтаңыз. 
Машинада орнатылғандағыдай бетін жоғары қаратып, жатқызып (шетінде тұрғызып емес) сақтаңыз.
Шығыс материалдарын кез келген келесі жағдайларда сақтамаңыз:
-
40°C (104°F) 
деңгейінен жоғары температурада.
-
20  % 
деңгейінен төмен жəне 80 % деңгейінен жоғары ылғалдылық деңгейі.
-
Ылғалдылық пен температураның күрт өзгерістеріне ие орта.
-
Тікелей күн көзі мен бөлме жарығында.
-
Шаң жерлерде.
-
Ұзақ уақыт бойы автокөлікте.
-
Улы газды орталарда.
-
Тұзды ауалы орталарда.