Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м) Manual De Usuario

Descargar
Página de 216
Тонер картриджін сақтау
47
3. 
Қызмет көрсету
Пайдалану нұсқаулары
Картридждегі фотоөткізгіш барабанның бетін ұстамаңыз.
Картриджді қажетсіз вибрациялар немесе соққы əсеріне 
қалдырмаңыз.
Барабанды ешқашан əсіресе кері бағытта қолмен айналдырмаңыз, 
бұл ішкі зиян мен тонердің төгілуіне алып келуі мүмкін.
Тонер картриджін пайдалану
Samsung Electronics 
компаниясы принтерде Samsung картриджінен 
басқа картридждерді, соның ішінде жалпы жəне сауда желісінің 
маркасына, қайта толтырылған немесе қайта өндірілген тонер 
картридждерін қолдануды ұсынбайды жəне қолдамайды.
 
Samsung 
принтеріне кепілдік қайта толтырылған, қайта жасалған 
немесе Samsung емес маркалы тонер картридждерін пайдалану 
тудырған зақымды қамтымайды.
 
Картридждің болжамды қызмет мерзімі
Картридждің болжанған жұмыс мерзімі (тонер картриджін пайдалану 
мерзімі) баспа тапсырмасына қажетті тонердің көлеміне байланысты 
болады. Нақты басып шығару өнімділігі беттердің баспа тығыздығына, 
жұмыс істеу ортасына, сурет ауданының пайызына, басып шығару 
уақыт аралығына, медиа түріне жəне/немесе медиа өлшеміне 
байланысты əр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, көп сызбаларды басып 
шығарсаңыз, тонерді тұтыну жоғарырақ болады жəне картриджді 
жиірек ауыстыру қажет болады.