Polaris PWK 1843 CA Manuel D’Utilisation

Page de 22
 
19 
Жинақталуы 
 
1.  Құрал 
2.  Түпұқояр 
3.  Алынбалы сүзгі 
4.  Пайдаланушының нұсқаулығы 
5.  Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 
6.  Кепілдік  талон 
 
 
Жұмысқа дайындау және пайдалану 
 
 
Орайтын  барлық  материалдарды  ішінен  және  сыртынан  алып  тастаңыз.    Құралдың 
корпусынан   барлық жапсырмаларды алыңыз. 
 
Түпқоярды тегіс қабатқа орнатыңыз. 
 
Қыздыруға арналған сыйымдылықты бірнеше рет суық сумен шайыңыз.  
 
Шәйнекке қажетті мөлшерде су  құйыңыз. 
 
Шәйнекті  түпқоярға орнатыңыз.  Ашаны  розеткаға қосыңыз.   
 
«ҚОСУ/ӨШІРУ»  ауыстырып-қосқыштың  көмегімен  шәйнекті  қосыңыз.  Индикаторлы  
шам жанады.  Шәйнек су қайнаған кезде  автоматты түрде  сөнеді. Ауыстырып-қосқыш  
автоматты түрде  «ӨШІРУ» белгісіне келеді, индикаторлы  шам сөнеді. 
 
Алғаш рет пайдаланар алдында шәйнектің ішін тазарту үшін екі рет су қайнатып алып, 
қайнаған суды төгіңіз.  
 
Шәйнектің  сөнгеніне  көз  жеткізіңіз  немесе  оны  түпқорядан  алмас  бұрын,  су  құю  үшін 
қолыңызбен сөндіріңіз.   
 
Бір суды екі қайтара қайнатпаңыз. 
 
Шәйнек  сөнгеннен  (суығаннан)    кейін  15-20  секунд  өткесін  шәйнекті  қайтадан 
пайдалануға болады. 
 
 
Тазарту және күту 
  
Құралды тазарту: 
 
 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп,  суытыңыз. 
 
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе  қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып 
тұрған судың астында ұстамаңыз
 
Электр  қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың сыртын алдымен дымқыл  шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен  сүртіңіз. 
Абразивті жуғыш құралдарды және  метал талшықтардан жасалған  тырмалайтын 
губкаларды  қолданбаңыз.    
 
Құрал  сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған,  қыздыру элементімен  жабдықталған. 
Бұндай конструкция  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік 
береді.  
 
Алынатын  көп  мәрте  пайдаланылатын    сүзгі  мезгіл  сайын  тазартып  тұруды  қажет  етеді.  
Тазартудың  жиілігі  судың  қаттылығына  және  құралды  тазарту  жиілігіне  байланысты. 
Тазарту,  сүзгіде қақ тұрып қалғанда және шәйнектен судың ағуы қиындағанда өткізіледі.   
 
Су тым қатты болса, қақ пен тұнбалар қайнауға арналған сыйымдылықта да түзілуі мүмкін.  
Бұл жағдайда  қақтан тазарту қажет.