Polaris PWK 1843 CA Manuel D’Utilisation

Page de 22
 
20 
 
Түзілген  қақ  пен  тұнбалар  құралды  қатты  ысытып  жіберу  мүмкін  немесе  құралдың 
қыздыру элементтерін бүлдіру мүмкін.  
 
 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқау: 
 
 
Қақтың  түзілуі  судың  қаттылығына  байланысты.  Қайнауға  арналған  сыйымдылықта  қақ 
пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде  тексеріп, дер кезіне тазарту  қажет. 
 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,    мүмкіндігінше  айына    1  рет  тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын су қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.  
 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз    қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан 
тазарту керектігін білдіреді.  
 
Сіздің  шәйнегіңізді  қақтан  тазарту  үшін    лимон  қышқылының  ерітіндісін  пайдалануға 
болады: 
 
 
  25г. лимон қышқылын   0,5л.  ыстық сумен араластырыңыз. 
  Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
  15 минутқа қалдырыңыз. 
  Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
 
Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз. 
 
 
Немесе сірке суының әлсіз ерітіндісі: 
 
  Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады.  
  Осы  қоспаны    қыздыратын  элемент  жабылатындай  етіп,  шәйнекке  құйыңыз, 
бірнеше рет қайнатыңыз.  
  Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
 
 
Сондай-ақ  сіз  пластмасса  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы  құралдарды 
пайдалана аласыз. Дайындаушының кеңесін басшылыққа алыңыз. 
 
Метал  шәйнектерді,    кофе  қайнатқыштарды  және  бумен  істейтін  үтіктерді  қақтан 
тазартуға  арналған  құралдар    Сіздің  POLARIS  шәйнегіңізге  жарамайды  және  оларды 
қолданған жағдайда, шәйнекті бүлдіруі мүмкін.  
 
Қақтан тазартуға арналған ұнтақты  пайдаланғанда  қашанда су қосыңыз. Бұл құралды суы 
жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз. 
 
Шәйнектің ішін тазарту үшін ешқашан абразивті  жуғыш құралдарды қолданбаңыз. 
 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар  аударыңыз!  Сүзгіні  алғанда  немесе  орнатқанда  шәйнек    сөніп  тұруы  және  желіден 
ажыратылуы  тиіс.  Шәйнектің  ішіндегі  судың  бәрін  төгіңіз  және  толығымен  суығанша 
күтіңіз.  
 
 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз.. 
 
Сүзгі шәйнек шүмегінің  алдыңғы жағында орналасқан. 
 
Сүзгіні тазарту үшін оны шәйнектен алып шығыңыз (алынатын сүзгісі бар үлгілер үшін).  
 
Сүзгіні  ағып  тұрған  судың    астына  қойып,    жұмсақ  қылшақтың  көмегімен  абайлап 
тазартыңыз (жинаққа кірмейді).