Redmond RMC-260 Manuel D’Utilisation

Page de 120
79
RMC-260
KAZ
1.  Әзірлеу  бағдарламасы  жұмыс  істеп  тұрғанда  «Время/Отсрочка» 
түймешігін басып ұстаңыз. Әуенді сигнал естіледі, дисплейде уақыт 
индикаторы жыпылықтай бастайды.
2.  Қадетті әзірлеу уақытын орнатыңыз. Мәнді 1 сағат қадамымен көбейту 
үшін  «Час»  түймешігін,  1  минут  қадамымен  көбейу  үшін  «Мин» 
түймешігін басыңыз. Сағат пен минуттар бірі-біріне байланысты емес 
көбейеді.  Ең  үлкен  мәнге  жеткенде  орнату  диапазонның  
басынан жалғасады. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешікті басып, 
ұстаңыз. 
Уақыт мәнін 1 минут қадамымен « » және « » түймешігін тиісті 
турде  басып  та,  көбейтуге  және  азайтуға  болады.  Бұл  жағдайда 
минуттық диапазонның ең үлкен (ең кіші) мәні болғанда орнату басынан 
жалғасады, сағат мәні 1 сағатқа көбейеді (азаяды).
3.  Басқару панелінде түймешіктерді 5 секунд ішінде баспаңыз. Өзгерістер 
автоматты түрде сақталады.
Егер  әзірлеудің  уақыт  мәні  00:00  орнатылса,  бағдарлама  жұмысы 
тоқтайды. Өзгерістерді минутына 1 реттен жиі жасаудың керегі жоқ, 
өйткені  бұл  жағдайда  тек  соңғы  теңшелімдер  сақталады.  Егер 
температура мен әзірлеу уақытын бірге өзгерту керек болса, тиісті 
түрде температура немесе уақыт теңшелімдері өзгертілуі аяқталған 
соң  бірден  «Время/Отсрочка»  немесе  «Температура°С»  түймешігін 
басыңыз. Бұл жағдайда жаңа параметрлер бір өзгеріс ретінде сақталады.
Жеке әзірлеу бағдарламасын сақтау
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен немесе «Отмена/Разогрев» 
түймешігі басылғанда үш қысқа сигнал естіледі, автоматты бағдарламаны 
таңдау аймағында «ПРОГРАММА N ЗАПИСАТЬ?» («N БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЗУ 
КЕРЕК ПЕ?») жазуы пайда болады (мұнда N – жазылатын бағдарламаның 
реттік нөмірі). Температура индикаторының орнында 180 жазуы көрінеді 
және керісінше секундтап есебі басталады. 
Бағдарламаны сақтау үшін «Меню/ОК» түймешігін басыңыз. Ұзақ сигнал 
естіледі, нақты жұмыс істейтін бағдарлама жазылады. Сақтамай шығу үшін 
«Отмена/Разогрев» түймешігін басыңыз. Егер 180 секунд ішінде «Меню/ОК» 
түймешігі басылмаса да бағдарлама сақталмайды.
Жазылған жеке бағдарламада бағдарлама жұмысы аяқталу сәтінде 
орнатылған Автоысыту функциясының күйі сақталады.
Жеке әзірлеу бағдарламасын жұмыс істету
Жеке әзірлеу бағдарламалары автоматты бағдарламалар тізімінде пайда 
болады. Для запуска выберите программу из списка и «Старт» түймешігін 
басыңыз.
Жеке бағдарлама орындалу барысында әр өзгеру нүктесінен өткен соң екі 
қысқа сигнал естіледі.
Жеке бағдарламаларға автоматты бағдарламаларға сияқты өзгерістерді 
енгізуге болады. Алайда жаңа өзгерістер енгізілгенде бағдарламаның 
ары  қарай  жұмысы  барысында  күшіне  енуі  керек  бар  өзгерістер 
болдырылмайды. Өзгерістердің ағымдағы бірізділігі сақталған жағдайда 
тағам әзірленуі аяқталысымен олар жаңа бағдарлама ретінде жазылады. 
Бұл кезде бастапқы жеке бағдарлама да аспап жадысында сақталады.
Жеке әзірлеу бағдарламасын жою 
«
»  және  «
»  түймешігі  көмегімен  мәзірде  жойғыңыз  келген  жеке 
бағдарламаны таңдаңыз. «Меню/ОК» түймешігін басып, бірнеше секунд 
ұстаңыз. Қысқа сигнал естіледі. Әзірлеу бағдарламасын таңдау аймағында 
«ПРОГРАММА N УДАЛИТЬ?» («N БАҒДАРЛАМАСЫ ЖОЮ КЕРЕК ПЕ?») жазуы 
пайда болады (мұнда N – жазылатын бағдарламаның реттік нөмірі).
Бағдарламаны жоюды растау үшін «Меню/ОК» түймешігін басыңыз. Жоюды 
болдырмау үшін «Отмена/Разогрев» түймешігін басыңыз.
Жеке бағдарлама жойылғанда бағдарламалардың нөмірлері сақталады. 
Егер  жадта  «ПРОГРАММА  1»  («БАҒДАРЛАМА  1»),  «ПРОГРАММА  2» 
(«БАҒДАРЛАМА 2») және «ПРОГРАММА 3» («БАҒДАРЛАМА 3») сақталып, 
кейін «ПРОГРАММА 2» («БАҒДАРЛАМА 2») жойылса, мәзірде «ПРОГРАММА 
1» («БАҒДАРЛАМА 1») тармағынан кейін «ПРОГРАММА 3» («БАҒДАРЛАМА 
3») болады.
Барлық жеке әзірлеу бағдарламасын жою 
Барлық  жеке  бағдарламаны  жою  үшін  күту  режимінде  «Продукт»  және 
«Время/Отсрочка» түймешіктерін басып, бірнеше секунд ұстаңыз. Қысқа 
сигнал естіледі. Әзірлеу бағдарламасын таңдау аймағында «ПРОГРАММЫ 
УДАЛИТЬ?» («БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖОЮ КЕРЕК ПЕ?») жазуы пайда болады. 
Барлық жеке бағдарламаны жою үшін «Меню/ОК» түймешігін басыңыз. Жоюды 
болдырмау үшін «Отмена/Разогрев» түймешігін басыңыз.
Сапалы нәтижеге жету үшін REDMOND RMC-260 мультипісіргішіне ілесетін 
бұл үлгіге арнайы әзірленген аспаздық кітаптағы тағамды әзірлеу бойынша 
рецепттерді пайдалануға ұсынамыз. Тиісті рецепттерді www.multivarka.pro 
сайтында да таба аласыз.
Егер сіздің ойыңызша әдеттегі автоматты бағдарламаларда қажетті нәтижеге 
жете алмасаңыз, аспаздық эксперименттер үшін көп мүмкіндік ашатын қол 
теңшеулердің кең диапазоны бар әмбебап «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын 
пайдаланыңыз.
Автоматты бағдарламаны пайдаланылғанда жалпы әрекеттер 
тәртібі
1.  Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
2.  Ингредиенттерді мультипісіргіш табағына салып, оны аспап корпусына 
қойыңыз. Сұйықтықты қоса, барлық ингредиент табақтың ішкі бетіндегі 
ең жоғары белгіден төмен болғанын байқаңыз.
3.  Табақ қисаймай орнатылғанына және қыздыру элементіне тығыз тиіп 
тұрғанына көз жеткізіңіз. Мультипісіргіш қақпағын сыртыл естілгенше 
жабыңыз. Аспапты электр желіге қосыңыз.
4.  «Меню» түймешігін басыңыз және әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз. 
Мәзірден шарлау үшін « » және « » түймешігін басыңыз. Дисплейде 
бағдарлама индикаторы қалың қаріппен бөлектенеді.
5.  Азықты таңдау режиміне ауысу үшін «Продукт» түймешігін басыңыз. «
» және « » түймешігін басып, өңделетін азық түрін тізімнен таңдаңыз 
(дисплейде тиісті индикатор қалың қарыппен бөлектенеді).
6.  Әдепкі орнатылған әзірлеу уақытын өзгерту үшін «Время/Отсрочка» 
түймешігін басыңыз. Уақыт индикаторы жыпылықтай бастайды. Қажетті 
әзірлеу уақытын орнату үшін «Час» және «Мин» немесе «
» және  
« » түймешіктерін басыңыз.
«ПАР» бағдарламасында әзірлеу уақытының керісінше есебі су қайнап, 
табақта  жеткілікті  бу  тығыздығы  болған  соң,  «ФРИТЮР» 
бағдарламасында май қайнаған соң, «МАКАРОНЫ» және «ПЕЛЬМЕНИ/
ХИНКАЛИ» бағдарламаларында су қайнап, «Старт» түймешігі қайта 
басылғанда ғана басталатынын есте сақтаңыз.
7.  Қажет болғанда стартты шегеру уақытын орнатыңыз.
Стартты  шегеру  функциясы  «ЖАРКА»,  «МАКАРОНЫ»,  «ПЕЛЬМЕНИ/
ХИНКАЛИ»,  «ФРИТЮР»  және  «ЭКСПРЕСС»  бағдарламалары 
пайдаланылғанда қол жетімді емес.
8.  Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» түймешігін басыңыз. 
Әзірлеу және автоысыту режимдерінің индикаторлары және «Старт» 
түймешігінің жарығы жанады. Бағдарлама орындала бастайды және 
әзірлеу уақытының керісінше есебі басталады.
Қажет болғанда әзірлеу бағдарламасы іске қосылған немесе жұмыс істеген 
кезде «Старт» түймешігін басып, автоысыту функциясын алдын ала 
өшіруге болады. 
 индикаторы мен «Отмена/Разогрев» түймешігінің 
жарығы өшеді. «Старт» түймешігін қайта бассаңыз, осы функция қайта 
қосылады.
9.  Әзірлеу  бағдарламасы  аяқталуы  туралы  үш  қысқа  дыбыс  сигналы 
хабарлайды. Ары қарай, ағымдағы теңшелімдерге байланысты аспап 
автоысыту  режиміне  (дисплейде  «Подогрев»  («Ысыту»)  және 
  
индикаторлары және «Отмена/Разогрев» түймешігінің жарығы жанады) 
немесе күту режиміне (дисплей жанбайды, ағымдағы уақыт көрінеді) 
ауысады.
Енгізілген бағдарламаны болдырмау, әзірлеу немесе автоысыту үдерісін 
үзу үшін «Отмена/Разогрев» түймешігін басып, бірнеше секунд ұстаңыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Бағдарлама тағамды пайдаланушы тапсырған температура параметрі мен 
әзірлеу  уақыты  бойынша  әзірлеуге  арналған.  «МУЛЬТИПОВАР» 
бағдарламасының арқасында REDMOND RMC-260 мультипісіргіші асханалық 
құралдардың бір қатарын алмастыра алады және тағамды іс жүзінде ескі 
аспаздық кітапта немесе Интернетте табылған сізге қызық кез келген рецепт 
бойынша әзірлеуге мүмкіндік береді.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 30 минут, әзірлеу 
температурасы 100°С құрайды. Бағдарламада температураны қолмен орнату 
диапазоны 1°С қадамымен 35–180°С құрайды. Уақытты қолмен орнату 
диапазоны — 1 минут қадамымен 2 минуттан 15 сағатқа дейін.
Сізге  ыңғайлы  болуы  үшін  тағамды  80°С  дейін  температурада 
әзірлегенде автоысыту функциясы өшірулі. Қажет болғанда әзірлеу 
бағдарламасы іске қосылған соң «Старт» түймешігін басып, оны қолмен 
қосуға болады. «Отмена/Разогрев» түймешігінің жарығы мен дисплейде  
 индикаторы жанады.
«МУЛЬТИПОВАР»  бағдарламасында  әртүрлі  көп  тағамды  әзірлеуге 
болады.  Біздің  кәсіби  аспаздардың  ілесетін  аспаздық  кітабын 
пайдаланыңыз. Қажеті рецепттерді www.multivarka.pro сайтында да 
таба аласыз.
«РИС/КРУПЫ» бағдарламасы
Бағдарлама суда күріш пен тұтас дәнді жармалардың әртүрлі ботқаларын 
әзірлеуге арналған. Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. 
Әзірлеу уақытын 5 минуттан 4 сағатқа дейінгі диапазонда 1 минут қадамымен 
қолмен орнатуға болады.
«СУП» бағдарламасы
Бағдарлама түрлі етті, балықты, көкөністі және басқа да көжелерді жасауға 
арналған. Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу 
уақытын 10 минут 8 сағатқа дейінгі диапазонда 5 минут қадамымен қолмен 
орнатуға болады.
«ХОЛОДЕЦ» бағдарламасы
Бағдарлама іркілдек пен заливное әзірлеуге арналған. Бағдарламада әдепкі 
әзірлеу уақыты 4 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 10 сағатқа 
дейінгі диапазонда 10 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ПАР» бағдарламасы 
Бағдарлама буда ет, балық, құс еті, көкөніс пен құрамдасы көп тағамды 
әзірлеуге арналған. Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 40 минут құрайды. 
Әзірлеу уақытын 5 минуттан 2 сағатқа дейінгі диапазонда 5 минут қадамымен 
қолмен орнатуға болады.
Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа 
кіреді):
1.  Табаққа 600-1000 мл су құйыңыз. Табаққа буда әзірлеу контейнерін 
орнатыңыз.
2.  Азық-түлікті рецептке сәйкес өлшеп дайындаңыз, контейнерге біркелкі 
етіп салыңыз және Табақты аспап қорпусына қойыңыз. 
3.  «Автоматты бағдарламаны пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» 
тарауының 3-9 тармақтарын ұстаныңыз.
«ВАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама  көкөніс,  ет,  балық,  сонымен  қатар  бұршақ  асуға  арналған. 
Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 
минуттан 8 сағатқа дейінгі диапазонда 5 минут қадамымен қолмен орнатуға 
болады.