Redmond RMC-260 Manuel D’Utilisation

Page de 120
81
RMC-260
KAZ
болады 5.
«ДЕСЕРТЫ» бағдарламасы
Бағдарлама әртүрлі десерттерді әзірлеуге арналған. Бағдарламада әдепкі 
әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттан 2 сағатқа 
дейінгі диапазонда 5 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.
«ФРИТЮР» бағдарламасы
Фритюр — 130–200°С температурасына дейін ысытылған мал немесе өсімдік 
майы. Әртүрлі азықты фритюрде қуыру жолымен әзірлеу әдісі бұрыннан  
бері  мәлім  және  дүние-жүзінде  таралған.  REDMOND  RMC-260 
мультипісіргішінде жинаққа кіретін арнайы себетті пайдаланып, фритюрде 
әзірлей аласыз.
Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 18 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 
минуттан 40 минутқа дейінгі диапазонда 5 минут қадамымен қолмен орнатуға 
болады. «Автоподогрев» («Автоысыту») және «Отсрочка старта» функциялары 
осы бағдарламада қол жетімді емес.
1.  Рецептке сәйкес қуыру үшін табаққа қажетті май мөлшерін құйыңыз. 
Табақты аспап қорпусына қойыңыз.
2.  «Автоматты бағдарламаны пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» 
тарауының 3-8 тармақтарын ұстаныңыз.
3.  Фритюрде қуыруға арналған себетке тұтқаны қосыңыз. Бұл үшін тұтқа 
негізін қысыңыз және оны себеттің арнайы тесігіне тығыңыз. Тұтқаға 
салынған қысымды босатыңыз, ол арнайы тесікте бекітіледі. Азық-түлікті 
себетке біркелкі салыңыз.
4.  Рецепттегі кеңестерді ұстаныңыз, көрсетілген уақыттан кейін қақпақты 
абайлап ашыңыз және азық салынған фритюрде қуыруға арналған 
себетті табаққа түсіріңіз. Қақпақты жаппаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Май өте ыстық! Күйіп қалмау үшін асханалық 
қолғапты пайдаланыңыз және қақпақты ашқанда құрылғының үстінен 
еңкеймеңіз.
5.  Әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен азық салынған қуыруға арналған 
себетті тұтқасынан ұстап, көтеріңіз және майын ағызу үшін оны табақ 
шетінде себеттегі арнайы ілгектің көмегімен бекітіңіз.
6.  Қалған май артығын кетіру үшін тағамды дастарханға қоюдың алдында 
азыққа қағаз сүлгі немесе тығыз қағаз майлық малыңыз.
Фритюр ретінде тек рафинадталған өсімдік майын пайдаланыңыз.
Майдың күшті ұзақ немесе көп реттік қыздырылуы оның тотығуына 
ықпал  етеді.  Фритюрде  азықты  қайта  әзірлеу  үшін  бір  майды 
пайдаланбаңыз.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама  күріш  пен  суда  үгілмелі  ботқаны  әзірлеуге  арналған.  
Бағдарлама су толық қайнап тасыған соң атоматтытүрде өшуді қарастырады. 
Осы  бағдарламада  әзірлеу  уақытын  қолмен  орнату  және  «Отсрочка  
старта» мен «Автоподогрев» («Автоысыту») функциялары қол жетімді емес.
1.  «Автоматты бағдарламаны пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» 
тарауының 1-3 тармақтарын ұстаныңыз.
2.  Әзірлеу  бағдарламасын  іске  қосу  үшін  күту  режимінде  «Старт»  
түймешігін басыңыз. Әзірлеу режимінің индикаторлары мен «Старт» 
түймешігінің  жарығы  жанады.  Орнатылған  бағдарлама  орындала 
бастайды.
«Меню» түймешігін басып, оны « » және « » түймешігі көмегімен 
тізімнен таңдап, «ЭКСПРЕСС» бағдарламасын да іске қосуға болады. 
Дисплейде бағдарлама индикаторы қалың қарыппен бөлектенеді.
III. МУЛЬТИПІСІРГІШТІ КҮТУ
Жалпы ережелер мен кеңестер 
Аспапты бірінші рет пайдаланудың алдында, сонымен қатар мультипісіргіште 
ас иісін кетіру үшін ішінде жарты лимонды «ПАР» бағдарламасында 15 минут 
ішінде әзірлеуге кеңес береміз.
Жабық мультпісіргіште әзірленген ас салынған немесе су толған табақты 24 
сағаттан  артық  қалдыруға  болмайды.  Дайын  тағам  салынған  табақты 
тоңазытқышта сақтай аласыз және қажет болғанда асты ысыту функциясын 
пайдаланып, мультипісіргіште ысыта аласыз.
Егер аспапты ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны электр желіден ажыратыңыз. 
Жұмыс камера (қыздыру дискісін қоса), табақ, ішкі қақпақ пен бу клапаны 
таза және құрғақ болуы керек.
Бұйымды тазалауға кірісудің алдында ол электр желіден ажыратылғанына 
және толық суығанына көз жеткізіңіз. Тазалау үшін жұмсақ мата мен ыдыс 
жууға арналған жұмсақ құралды пайдаланыңыз.
Аспапты тазалағанда қатты майлық немесе сіңіргіш, абразивті паста 
пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сонымен қатар, асқа тиетін заттармен 
қолдануға кеңес берілмеген кез келген химиялық агрессивті немесе басқа 
затты пайдалануға болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына қоюға тыйым 
салынады!
Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалағанда мұқият болыңыз: олардың 
зақымдануы немесе майысуы аспаптың дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп 
соқтыруы мүмкін.
Бұйым корпусын кірлеген сайын тазалауға болады. Табақты, ішкі алюминий 
қақпақ пен шешілмелі бу клапанын аспап пайдаланылған сайын тазалау 
керек. Мультипісіргіште асты әзірлеу барысында қалыптасқан конденсатты 
құрылғы пайдаланылған сайын кетіріңіз. Жұмыс камераның ішкі беттерін 
қажет болғанда тазалаңыз.
Корпусты тазалау
Бұйым корпусын жұмсақ ылғал асханалық майлықпен немесе сіңіргішпен 
тазалаңыз. Жұмсақ тазалау құралын пайдалануға болады. Корпуста ықтимал 
су айғыздарынан бас тарту үшін бетін құрғатып сүртуге кеңес береміз.
Табақты тазалау
Табақты жұмсақ губка мен ыдыс жуу құралын пайдаланып, қолмен де, ыдыс 
жуатын машинада да тазалай аласыз (өндіруші кеңестеріне сәйкес). Қатты 
кірлегенде табаққа жылы су құйып, біраз уақытқа жібітіп қойыңыз, одан кейін 
тазалаңыз.
Табақты мультипісіргіш корпусына қоюдың алдында сырқы бетін міндетті 
түрде  сүртіңіз. Табақ  үнемі  пайдаланылғанда  оның  ішкі  күйікке  қарсы 
жабындысының түсі толық немесе жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі 
табақ ақауының белгісі болмайды.
1.  Ішкі алюминий қақпақты тазалау  Мультипісіргіш қақпағын ашыңыз.
2.  Күш салмай, ішкі алюминий қақпақты ол негізгі қақпақтан бөлінуі үшін 
өзіңізге қарай және төмен біраз тартыңыз.
3.  Екі қақпақтың беттерін ылғал асханалық майлықпен немесе сіңіргішпен 
сүртіңіз.  Қажет  болғанда  шешілген  қақпақты  ыдыс  жуу  құралын 
пайдаланып, су ағыны астында жуыңыз. Бұл жағдайда ыдыс жуатын 
машинаны пайдаланбау керек.
4.  Екі қақпақты кептіріп сүртіңіз.
5.  Алюминий қақпақты негізгі қақпаққа келтіріп, сыртыл естілгенше жеңіл 
басыңыз.
Шешілмелі бу клапанын тазалау 
Бу клапаны аспаптың үстіңгі қақпағындағы арнайы ұяшықта орнатылған және 
сыртқы және ішкі қабықтардан тұрады.
1.  Сыртқы қабықты қақпақ қуысындағы шығыңқы жерінен жоғары және 
өзіңізге қарай абайлап тартыңыз.
2.  Ішкі қабықты сағат тіліне қарсы тірелгенше бұрыңыз және шешеңіз.
3.  Қажет болғанда клапан резинасын абайлап шешіңіз. Барлық клапан 
бөлшектерін жуыңыз.
4.  Керісінше тәрптіппен жинаңыз: резинаны орнына салыңыз, клапанның 
негізгі  бөлік  қуыстарын  ішкі  қабықтың тиісті  шығыңқы  жерлеріне 
келтіріңіз және сағат тілімен бұрыңыз. Бу клапанын аспап қақпағындағы 
ұяшыққа тығыз орнатыңыз (сыртқы диск шығаратын шығыңқы жері 
артқа қарап орналасуы керек).
Назар  аударыңыз!  Клапан  резинасын  деформацияламау  үшін  оны 
шешкенде, тазалағанда және орнатқанда бұрамаңыз және тартпаңыз.
Конденсатты кетіру үшін
Осы үлгіде конденсат аспап корпусындағы табақ айналасында арнайы қуыста 
жиналады.
1.  Қақпақты ашып, табақты шығарыңыз.
2.  Табақ  айналасындағы  қуыста  жиналған  конденсатты  асханалық 
майлықтың көмегімен кетіріңіз.
Жұмыс камерасын тазалау 
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтықтың, ас бөліктері 
немесе қоқыстың аспаптың жұмыс камерасы ішіне түсу мүмкіндігі ең аз.  
Егер  оған  қарамастан  қатты  кірлесе,  аспап  дұрыс  жұмыс  істемеуден  
немесе  бұзылуынан  бас  тарту  үшін  жұмыс  камера  беттерін  тазалау  
керек.
Мультипісіргіштің жұмыс камерасын тазалаудың алдында аспап электр 
желіден ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз!
Жұмыс  камераның  жан-жағындағы  қабырғаларын,  қыздыру  дискісінің  
бетін және орталық термоқадаға қабығын (қыздыру дискісінің ортасында 
орналасқан)  ылғал  (су  емес)  губкамен  немесе  майлықпен  тазалауға  
болады.  Жуу  құралы  қолданылған  жағдайда  кейін  асты  әзірлегенде  
қажетсіз  иісті  шығармау  үшін  оның  қалдықтарын  мұқият  кетіру  
керек. 
Орталық термоқадаға айналасындағы қуысқа бөтен денелер тигенде қадаға 
қабығына  баспай,  оларды  пинцетпен  абайлап  алып тастаңыз.  Қыздыру 
дискісінің  беті  кірлегенде  қаттылығы  орташа  ылғал  губканы  немесе 
синтетикалық ысқышты пайдалануға болады.
Аспап үнемі пайдаланылғанда уақыт өте келе қыздыру дискісінің түсі 
толық немесе жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өз бетімен құрылғының  
ақау белгісі болып табылмайды және оның дұрыс жұмысына әсерін 
тигізбейді.
IV. ЫҚТИМАЛ АҚАУЛАР МЕН ОЛАРДЫ 
ЖОЮ ӘДІСТЕРІ
Ақау
Ықтимал себептері
Жою әдісі
Дисплейде қате 
туралы 
хабарлама 
туындады:  
Е1 – Е3
Жүйелік  қате,  басқару  платасы 
немесе  қыздыру  элементі  істен 
шығуы мүмкін
Аспапты  электр  желіден 
ажыратып, суытыңыз. Қақпақты 
тығыз  жабыңыз,  аспапты 
электр желіге қайта қосыңыз 
Аспап 
қосылмайды
Электрқоректену  бауы  аспап  пен 
(немесе)  электр  розеткаға 
қосылмаған 
Шешілмелі  электр  бауы 
аспаптағы тиісті ажыратқышқа 
қосылғанына және розеткаға 
тығылғанына көз жеткізіңіз.
Электр розетка ақаулы
Аспапты  жұмыс  істейтін 
розеткаға қосыңыз 
Электр желіде тоқ жоқ 
Электр  желідегі  кернеуді 
тексеріңіз.  Егер  ол  болмаса, 
сіздің  үйіңізге  қызмет 
көрсететін ұйымға жолығыңыз