Polaris PMC 0347 AD Manuel D’Utilisation

Page de 57
 
54 
 
8. МУЛЬТИПІСІРГІШ ҚҰРАЛМЕН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА НЕГІЗГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ  
 
 
Мультипісіргішті пайдалану барысында оның айналасында жеткілікті түрдегі бос орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Мультипсіргіш жиһаз, перде және сол секілді 
өртенгіш нысандардан 15 см артық қашықтықта орналасуы қажет. 
 
Мультипісіргішті  тікелей  қабырға  мен  жиһазға  жақын  маңда  орналастырмаңыз,  себебі  оның  жұмысы  барысында  құралдан  бу  шығады,  бұл  жиһаз  заттарының, 
қабырғаның түсі мен түрінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. 
 
Мультипісіргіштің жұмысы барысында оны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, бу еркін түрде шығуы қажет. 
 
Мультипісіргішті  пайдалану  барысында  құралды  құрғақ,  тегіс,  термоберік  қабатта  орналастырыңыз,  құралдың  түбіндегі  ауа  желдеткіш  саңылаулардың  бөгде 
заттармен,  дастарханмен,  матадан  жасалған  төсемдермен  немесе  өзге  де  заттармен  жабылмауын  қадағалаңыз,  бұл  құралдың  қатты  қызып  кетуіне  әкеп  соғуы 
мүмкін. 
 
Құралды  алғаш  рет  пайдаланар  алдында,  оның   жағымсыз  иісін  кетіру  үшін  мультипісіргіштің  ыдысына  суды  тостақтың  жартысына  дейін  құйып,  температуралық 
(«Бұда пісіру») режимін қолданып, суды 30 минут бойы қайнатып алыңыз. 
 
Мультисіргіштің  тостағы  орнында  болмаса,  әзірлеу  бағдарламасын  іске  қосуға  тыйым  салынады,  сондай-ақ  бағдарламаның  жүруі  барысында  құралдан  тостақты 
шығаруға болмайды. 
 
Жылу көзінің маңында мультипісіргішті пайдаланбаңыз (газды немесе электрлі плитаның қасында). 
 
Күйіп қалмау үшін жұмыс істеп тұрған мультипісіргішті қолмен ұстамаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін ол суығанша күтіңіз. 
 
Мультипісіргішті желіге жалғастырмас бұрын кернеуді тексеріңіз. 
 
Егер Сіз тағамды әзірлемейтін болсаңыз, мультипісіргішті желіден ажыратыңыз, оны қосулы күйінде қалдырмаңыз. 
 
Мультипісіргішті желіден ажыратудың алдында оның күту режимінде екендігіне, сондай-ақ ешбір бағдарлама іске қосылмағандығына көз жеткізіңіз. 
 
Мультипісіргіш электр желісіне жалғанған сәтте оны көтеруге/орнын ауыстыруға тыйым салынады. 
 
Егер ішкі тостақ өнімдермен толтырылса, мультипісіргіштің орнын алмастыруға немесе оны көтеріп, тасымалдауға болмайды. 
 
Мультипісіргіштің жұмысы барысында оның ішкі тостағын ұстамаңыз. 
 
Тостақтың  ішкі  қабатынан  соқпаңыз,  оны  күш  салып  жумаңыз  және  мультипісіргішті  тазарту  барысында  абразивті  тазартқыш  құралдары  мен  агрессивті  жуғыш 
құралдарын пайдаланбаңыз. 
 
Тостақтағы өнімдерді араластыру немесе оларды шығару мақсатында металл ас үй саймандарын пайдаланбаңыз, бұл саймандар құралдың күйіп қалудан сақтайтын 
жабының зақымдауы мүмкін. Ағаш, пластик немесе силикон бұйымдарды қолданыңыз. 
 
Әзірлеу үдерісі жүріп жатқанда тостақтың ішінде ас үй саймандарын қалдыруға болмайды. 
 
Егер  мультипісіргіштің  нығыздауыш  дөңгелегі  болмаса  немесе  ол  бүлінсе,  құралды  пайдалануға  болмайды.  Нығыздауыш  дөңгелекті  ауыстыру  үшін  авторланған 
қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет. 
 
Мультипісіргіштің ішінде өнімдерді немесе суды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. 
 
Тостақты максималды деңгей белгісінен асыра өнімдермен толтыруға болмайды. 
 
Тостақтың ішіне сірке қышқылын құймаңыз, ол ыдыстың жабының бүлдіруі мүмкін. 
 
Мультипісіргіштің тостағын мультипісіргіштен бөлек жерде қолданбаңыз, оны плитаның үстінде және өзге де жылу көздерінде қыздыруға тыйым салынады. 
 
Тостақты өнімдерді араластыру ыдысы немесе өнімдерді сақтауға арналған контейнер ретінде қолданбаңыз. 
 
Мультипісіргіштің тостағын өзге ыдыспен немесе басқа мультипісіргіштің ыдысымен алмастырмаңыз.