Sony PlayStation 4 500 GB Black (CUH-1208 A) Manuel D’Utilisation

Page de 68
59
KZ
автокөлікте қолдану үшін инверторға қосу, жүйенің қызып 
кетуіне әкеледі, бұл күйік немесе ақаулықтарды туғызуы 
мүмкін. 
Жүйені немесе қосымша жабдықтарды ешқашан 
бөлшектемеңіз немесе түрлендірмеңіз.
PS4™ жүйесін және қосымша жабдықтарды өнім 
құжатындағы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Жүйе және 
қосымша жабдықтарды талдауға және өзгертуге, сонымен 
қатар оларда қолданылған схемотехникалық өзгерістерді 
қолдануға рұқсат берілмейді. Жүйе немесе қосымша 
жабдықтарды рұқсатсыз өзгерту кепілдіктің күшін жояды. 
РS4™ жүйесінің ішінде пайдаланушы өзі жөндей алатын 
бөлшек жоқ (қатты диск жетегін шығаруға болады, бірақ оны 
бөлшектеуге немесе өзгертуге болмайды). Осымен қатар, 
лазерлік сәулелену әсері және электр ток соғу қаупі бар. 
Желі
 
ˎ Желіге қосылу үшін ғаламтормен Жылдамдығы жоғары 
қосылым байланысы болу керек. 
 
ˎ Ғаламтормен байланысты шығындарға пайдаланушы 
жауапты. Толық ақпаратты қызмет көрсету келісім-
шартында берілген мәліметтерден қараңыз немесе 
ғаламтор қызмет провайдеріне хабарласыңыз. 
 
ˎ Тек 10BASE-T, 100BASE-TX немесе 1000BASE-T 
желілерімен үйлесімді Ethernet кабелін пайдаланыңыз. 
Дәстүрлі телефон линиясы мен кабеліне арналған 
кабельдерді немесе осы құжатта келтірілмеген 
кабельдерді пайдаланбаңыз. Жарамсыз кабельді немесе 
сымды пайдаланған жағдайда LAN порты арқылы 
қажетінен артық электр ток өтуі мүмкін, бұл қызып кету, 
тұтану немесе ақаулыққа әкеліп соғады. 
Сымсыз желі функциясы
 
ˎ Осы өнімнің сымсыз желі функциясы пайдаланатын 2,4 
ГГц радио толқын диапазоны түрлі құрылғыларға тән. 
Осы өнім айтылған диапазонда әрекет ететін басқа 
құрылғылардың әсерін азайтатындай етіп құрастырылған. 
Алайда, кейбір жағдайларда, басқа құрылғылардың 
кедергілері байланыс жылдамдығын азайтуы, сигнал 
диапазонын қысқартуы немесе байланысты кенеттен 
тоқтатуы мүмкін. 
 
ˎ Сымсыз желінің қосылу нүктесін таңдау үшін PS4™ 
жүйесінің сканерлеу функциясын пайдаланғанда, ортақ 
қолдануға арналмаған қосылу нүктелері табылуы мүмкін. 
Өзіңіз рұқсат етілген қосылу нүктесіне немесе ортақ 
пайдаланудың сымсыз желісі арқылы жетімді нүктелерге 
не қоғамдық қосылу нүктелеріне қосылыңыз. 
Ылғал конденсациясы
Егер де жүйе суық жерден бірден жылы бөлмеге әкелінсе, 
жүйе ішіндегі линзада немесе дискте ылғал жиналады.  
Бұл жағдайда жүйе дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін. Дискті 
шығарып, жүйені өшіріңіз және ашаны розеткадан 
шығарыңыз. Ылғал буланып кеткенше, дискті кері салмаңыз 
(бұл үрдіс бірнеше сағат алуы мүмкін). Егер жүйе әлі де 
дұрыс жұмыс істемесе, кепілдік бөлімінен табуға болатын 
тиісті PlayStation
®
 пайдаланушыларға қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз. 
Тазалау
Қауіпсіздік мақсатында, жүйені немесе қосулы қосымша 
жабдықтарды тазалау алдында айнымалы ток қуат сымын 
электр розеткасынан ажыратыңыз. 
13819 SONY PS4 C_Chassis_RUS SG_KZ.indd   59
15/05/2015   15:17