Sony PlayStation 4 500 GB Black (CUH-1208 A) Manuel D’Utilisation

Page de 68
60
Сыртқы жазықтықтар (жүйенің және сымсыз 
басқару құралының пластикалық корпусы) 
Өнімнің сыртқы бетін зақымдалудан немесе түсін жоғалтудан 
сақтау үшін төменде көрсетілген нұсқаулықтарды 
орындаңыз. 
 
ˎ Құрғақ жұмсақ матамен сүртіңіз. 
 
ˎ Инсектицидтер немесе басқа ұшпа заттарды 
қолданбаңыз. 
 
ˎ Өнімнің сыртқы бетіне ұзақ уақытқа резеңке немесе 
винилден жасалған материалдарды қоймаңыз. 
 
ˎ Еріткіштер және басқа химикаттарды пайдаланбаңыз. 
Химиялық өңделген тазалаушы құралмен сүртпеңіз. 
Желдету саңылаулары
Жүйенің желдету саңылауларында шаң жиналса, оны 
қуаттылығы төмен шаңсорғышпен жойыңыз. 
Порттар
Порттар немесе айнымалы ток қуат сымы ластанған болса, 
жүйені пайдаланбаңыз. Лас күйінде пайдаланылған болса, 
жүйенің электр жабдығы бұзылуы мүмкін. Жұмсақ мата 
көмегімен шаңды сүртіңіз.
Гарнитура
Егер дыбыс болмаса немесе гарнитурадан шығатын дыбыс 
сапасы төмен болса, гарнитура штекері мен гарнитура 
ашасының таза екендігін тексеріңіз. Егер таза болмаса, 
оларды құрғақ, жұмсақ матамен сүртіңіз.
дисктер
Үйлесімділікке қатысты ескерту 
Аймақтық немесе территориялық шектеулері бар кейбір 
тасушыларды жүйе қолдамауы мүмкін. Толық ақпаратты 
тасушы орамасынан қараңыз. 
Пайдалану
Дисктегі бармақ таңбасы, шаң, лас немесе сызаттар 
суреттердің бұлыңғырлануына және дауыс сапасының 
нашарлауы мүмкін. Дисктерді күтіп ұстаңыз және пайдалану 
алдында таза екеніне көз жеткізіңіз.
 
ˎ  Дискпен қандай да бір әрекеттер орындағанда оның 
бетіне тимей, шетінен ұстаңыз. 
 
ˎ дискке қағаз немесе скотч жапсырмаңыз, оның үстіне 
жазбаңыз. 
Сақтау
 
ˎ Дискті жоғары температураның, жоғары ылғалдықтың 
немесе тікелей күн сәулелерінің әсеріне ұшыратпаңыз. 
 
ˎ дисктер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда, 
оларды қыныларында сақтаңыз. дисктерді қынысыз 
дестелеу немесе оларды қиғаштап жинау диск түрінің 
өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Тазалау тәсілі 
 
ˎ дисктерді жұмсақ матамен ортасынан 
шетіне қарай бағытта жайлап сүртіңіз. 
 
ˎ дискке зақым келтіретін еріткіштерді, 
тазалағыш құралдарды, тұрақтылыққа 
қарсы спрейлерді және басқа 
химикаттарды пайдаланбаңыз. 
13819 SONY PS4 C_Chassis_RUS SG_KZ.indd   60
15/05/2015   15:17