Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Күтім көрсету
Казақ
46 
Күтім көрсету
Ауыстыру
Су сүзгісі (қолжетімді үлгілерде ғана)
АБАЙЛАҢЫЗ
•  Үшінші тарап жасаған су сүзгілерін пайдаланбаңыз. Samsung тарапынан берілген немесе рұқсат 
етілген сүзгілерді ғана қолданыңыз.
•  Рұқсат етілмеген сүзгілерді пайдаланса, су ағуы және тоңазытқышты зақымдауы, электр тогы соғуға 
себеп болуы мүмкін. Samsung үшінші тарап жасаған су сүзгілерін қолдану салдарынан болған зақым 
үшін ешбір жауапкершілік көтермейді.
•  Су сүзгісін ауыстыратын уақыт келгенде, сүзгі индикаторы ( ) осыны ескерту үшін қызыл түске 
өзгереді.
1.  Негізгі сумен жабдықтау жүйесін жабыңыз.
2.  Су құятын түтікті сүзгінің су құятын жағына 
шегіне дейін кіргізіңіз.
3.  Диспенсер түтігін сүзгінің су төгетін жағына 
кіргізіңіз.
4.  Су ағатын-ақпайтынын тексеріңіз. Ақпаса, 
түтіктерді қапсырмалармен бекітіңіз.
5.  Су сүзгісін орнына қойып, қапсырмалармен 
бекітіңіз.
6.  Сүзгіні қолдану интервалын орнату үшін Filter 
Reset (Сүзгіні бастапқы қалпына қою) 
түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
7.  Ауыстырып болғаннан кейін су түтігіндегі 
қоқыстарды шаю үшін 1 литр су ағызыңыз. 
АБАЙЛАҢЫЗ
Су түтігінің ұзындығын реттеген кезде, кесілген 
қырының бұрышын дұрыс келтіріп майдалаңыз.  
Бұл су ағып кетпеу үшін қажет.
Untitled-32   46
2016-03-17     6:18:01