Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Казақ 47 
Күтім көрсету
ЕСКЕРТПЕ
•  Жаңадан орнатылған сүзгі су диспенсерінен су ытқып кетуге себеп болуы мүмкін. Бұл су желісіне 
ауаның кіріп кетуіне байланысты.
•  Ауыстыру кезінде тоңазытқыштан еденге су тамшылап кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда құрғақ 
шүберекпен сүртіңіз.
Су сүзудің кері осмос жүйесі 
Су құбырынан кері осмос су сүзу жүйесіне келетін судың қысымы 35 psi және 120 psi (241 кПа және 827 
кПа) болуы керек.
Кері осмос су сүзу жүйесінен тоңазытқыштың суық су түтігіне баратын судың қысымы кемінде 40 psi (276 
кПа) болуы керек. Судың қысымы көрсетілген деңгейден төмен болса:
•  Кері осмос жүйесіндегі шөгінді сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болса сүзгіні 
ауыстырыңыз.
•  Кері осмос жүйесіндегі су сауытын суға толтырыңыз.
•  Егер тоңазытқыштың су сүзгісі бар болса, кері осмос жүйесімен қатар пайдаланған кезде, судың 
қысымын одан сайын төмендетуі мүмкін. Су сүзгісін алыңыз.
Ақпарат алу немесе сервис үшін уәкілетті сантехникке хабарласыңыз.
Жаңа сүзгі тапсыру
Жаңа су сүзгісін сатып алу үшін (бөлшек түрі: 
HAFEX/EXP), жергілікті Samsung қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
Шамдар
Шамдарды пайдаланушы жөндеуге келмейді. Тоңазытқыштың шамын ауыстыру үшін жергілікті Samsung 
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Untitled-32   47
2016-03-17     6:18:01