Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л Manuel D’Utilisation

Page de 132
Казақ 5 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
•  Тоңазытқышты ылғалды немесе құрылғыға су тиіп кетуі мүмкін жерге орнатпаңыз.
 - Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің, бөлме қыздырғыштардың немесе басқа 
құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.
•  Бірнеше ұялы розеткаға бірнеше құрылғыларды жалғамаңыз. Тоңазытқышты әрқашан кернеу 
параметрі, тоңазытқыштың техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу параметріне сай келетін 
электр розеткасына тек өзін жалғау керек.
 - Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр желісінің жүктемесінің шамадан тыс 
артуына, нәтижесінде сымдар қызып, өрт шығу қатерінің орын алуына жол бермейді.
•  Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.
 - Электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.
•  Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген немесе екі ұшына қатар зақым келген 
сымдарды қолданбаңыз.
•  Қорек сымын қатты майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат қоймаңыз.
•  Қорек сымын ешқашан қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз.
•  Қуат сымын майыстырмаңыз немесе байламаңыз.
•  Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз, қорек сымын 
заттардың арасына қыстырмаңыз немесе құрылғының артындағы орынға салмаңыз.
•  Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға тырысыңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан ашасынан мықтап ұстап, 
розеткадан тура тартып ағытыңыз.
 - Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт шығуы және/не электр тогы соғуы мүмкін.
•  Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
•  Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш материалдың қасына орнатпаңыз.
•  Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сай орналастырып, дұрыс 
жерге орнату керек.
•  Қуат ашасын розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.
 - Қуат ашасының түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, қуат сымы қиылып, өрт шығуы немесе 
электр тогы соғуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштың артқы жағының қуат ашасын жаншып немесе бүлдіріп тастамағанын тексеріңіз.
•  Орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.
 - Бала орам материалдарын басына киіп алса, тұншығып мерт болуы мүмкін.
Untitled-2   5
2017-02-06     6:01:56