Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л Manuel D’Utilisation

Page de 132
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
6 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•  Құрылғыны орнатқанда ашаға қол оңай жететін етіп орнату керек.
 - Бұлай орнатпаған жағдайда, жылыстап шыққан электр тоғы электр немесе өрт қатеріне ұшыратуы 
мүмкін.
•  Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура түсетін немесе сулы (жаңбыр 
тамшылары) жерге орнатпаңыз.
 - Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы 
мүмкін.
•  Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алып, Samsung Electronics қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
 - Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
•  Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған 
шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.).
 - Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда 
болуы мүмкін.
•  Құрылғыны алғаш электр көзіне қосар алдында, барлық қорғауыш пластик таспаларын алу керек.
•  Есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықпен немесе су түтігінің қапсырмасымен балалар ойнамау 
үшін, оларды байқау керек. 
 - Бала есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықты немесе су түтігінің қапсырмасын жұтып қойса, 
тұншығып, мерт болатын қауіп бар. Серіппелі шығырықтарды және су түтігінің қапсырмаларын 
балалардың бойы жетпейтін жерде сақтаңыз.
•  Тоңазытқышты қауіпсіз түрде жерге қосу керек.
 - Құрылғының кез келген бөлігін тексеруге немесе жөндеуге кіріспес бұрын, тоңазытқыштың қауіпсіз 
түрде жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. Жылыстап шығатын электр қуаты, электр тогына қатты 
соғылуға әкеледі.
•  Газ түтіктерін, телефон сымдарын немесе басқа да ықтимал жарқыл тартқыштарды жерге тұйықтау 
мақсатында қолданбаңыз.
 - Тоңазытқышты міндетті түрде тоңазытқыштан жылыстап шыққан электр тоғына соғылып қалмау 
немесе өрт қатерін болдырмау үшін жерге қосу керек.
 - Себебі электр қатері, өрт, жарылыс немесе құрылғыға байланысты ақау пайда болуы мүмкін.
•  Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз. Зақым келген қуат ашасын, қорек сымын немесе қабырғадағы 
босап қалған розетканы пайдаланбаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Қорек сымына зақым келсе, дереу өндірушіге немесе оның уәкілетті агенттерінің біріне ауыстырту 
керек.
•  Тоңазытқыштағы сақтандырғышты білікті техник немесе қызмет көрсету компаниясы ауыстыруға тиіс.
 - Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері пайда болуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Untitled-2   6
2017-02-06     6:01:56