Samsung WB350F Manuel D’Utilisation
Ойнату режимінде фотосуреттерді немесе бейнелерді қарау
Ойнату/Өңдеу
97
Панорамалық фотосуреттерді қарау
Панорама режимінде түсірілген фотосуреттерді қараңыз.
1
Ойнату режимінде панорамалық фотосуретке өтіңіз.
• Панорамалық фотосурет толық экранда пайда болады.
2
[o] басыңыз немесе түртіңіз.
• Камера көлденең панорамалық фотосурет үшін солдан оңға және
тік панорамалық фотосурет үшін жоғарыдан төменге фотосуретті
автоматты түрде жүгіртеді. Кейін камера Ойнату режиміне ауысады.
• Панорамалық фотосуретті ойнатқан кезде кідірту немесе жалғастыру
үшін [o] басыңыз.
• Панорамалық фотосурет ойнатуын кідірткеннен кейін фотосурет
түсірген кезде жылжыған бағытқа қарай фотосуретті көлденең
немесе тік жылжыту үшін [D/c/F/t] басыңыз немесе суретті
сүйреңіз.
3
Ойнату режиміне оралу үшін [b] басыңыз.
Тек егер фотосуреттің ең ұзын жағы ең қысқа жағынан екі немесе одан
көп есе ұзындау болса, [o] басып немесе түртіп, панорамалық
фотосуретті ойнатуға болады.
Слайд көрсетілімін ойнату
Әсерлерді фотосуреттердің слайд көрсетіліміне қолданыңыз. Слайд
көрсетілімі функциясы бейнелерде және GIF файлдарында істемейді.
1
Ойнату режимінде [m] басыңыз.
2
Слайд көрсетілім параметрлері таңдаңыз.
3
Слайд көрсетілімінің әсері параметрін таңдаңыз.
• Слайд көрсетілімін ешбір әсерсіз бастау үшін 4-қадамға өтіңіз.
* Әдепкі
Параметр Сипаттама
Ойнату
режимі
Слайд көрсетілімін қайталау қажеттілігін орнатыңыз.
(Бір рет ойнату*, Қайталау)
Аралық
• Фотосуреттер арасындағы аралықты орнату.
(1 сек*, 3 сек, 5 сек, 10 сек)
• Аралықты орнату үшін Әсер параметрін Өшірулі
мәніне орнату керек.
Әсер
• Фотосуреттер арасындағы көріністі өзгерту әсерін
орнату. (Өшірулі, Тыныш*, Жарқыраған, Жұбат,
Айқын, Тәтті)
• Әсерлерді болдырмау үшін Өшірулі таңдаңыз.
• Әсер параметрін пайдаланған кезде фотосуреттер
арасындағы аралық 1 секундқа орнатылады.
4
[b] басыңыз.