Samsung WB350F 用户手册

下载
页码 172
Ойнату режимінде фотосуреттерді немесе бейнелерді қарау
Ойнату/Өңдеу
  97
Панорамалық фотосуреттерді қарау
Панорама режимінде түсірілген фотосуреттерді қараңыз.
Ойнату режимінде панорамалық фотосуретке өтіңіз.
•   Панорамалық фотосурет толық экранда пайда болады.
[o] басыңыз немесе   түртіңіз.
•   Камера көлденең панорамалық фотосурет үшін солдан оңға және 
тік панорамалық фотосурет үшін жоғарыдан төменге фотосуретті 
автоматты түрде жүгіртеді. Кейін камера Ойнату режиміне ауысады.
•   Панорамалық фотосуретті ойнатқан кезде кідірту немесе жалғастыру 
үшін [o] басыңыз.
•   Панорамалық фотосурет ойнатуын кідірткеннен кейін фотосурет 
түсірген кезде жылжыған бағытқа қарай фотосуретті көлденең 
немесе тік жылжыту үшін [D/c/F/t] басыңыз немесе суретті 
сүйреңіз.
Ойнату режиміне оралу үшін [b] басыңыз.
Тек егер фотосуреттің ең ұзын жағы ең қысқа жағынан екі немесе одан 
көп есе ұзындау болса, [o] басып немесе   түртіп, панорамалық 
фотосуретті ойнатуға болады.
Слайд көрсетілімін ойнату
Әсерлерді фотосуреттердің слайд көрсетіліміне қолданыңыз. Слайд 
көрсетілімі функциясы бейнелерде және GIF файлдарында істемейді.
Ойнату режимінде [m] басыңыз.
Слайд көрсетілім параметрлері таңдаңыз.
Слайд көрсетілімінің әсері параметрін таңдаңыз.
•   Слайд көрсетілімін ешбір әсерсіз бастау үшін 4-қадамға өтіңіз.
* Әдепкі
Параметр Сипаттама
Ойнату 
режимі
Слайд көрсетілімін қайталау қажеттілігін орнатыңыз.  
(Бір рет ойнату*, Қайталау)
Аралық
•  Фотосуреттер арасындағы аралықты орнату.  
(1 сек*, 3 сек5 сек10 сек)
•  Аралықты орнату үшін Әсер параметрін Өшірулі 
мәніне орнату керек.
Әсер
•  Фотосуреттер арасындағы көріністі өзгерту әсерін 
орнату. (ӨшіруліТыныш*, ЖарқырағанЖұбат
АйқынТәтті)
•  Әсерлерді болдырмау үшін Өшірулі таңдаңыз.
•  Әсер параметрін пайдаланған кезде фотосуреттер 
арасындағы аралық 1 секундқа орнатылады.
[b] басыңыз.