Samsung TC242W Manuel D’Utilisation

Page de 97
94
Қосымша
 Қосымша
Терминдер
OSD (Экран мəзірі)
Экран мəзірі (OSD) ең жақсы сурет сапасын алу үшін экран параметрлерін 
конфигурациялауға мүмкіндік береді. Ол экранда көрсетілетін мəзірлер арқылы экранның 
жарықтығын, реңкін, өлшемін жəне көптеген басқа параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Coarse
Coarse бір секундтағы радиотолқын тербелістерінің жиілігін білдіреді. Жиілік неғұрлым 
жоғары болған сайын, берілетін деректердің көлемі соғұрлым көп болады жəне оңайырақ 
қайтарылады. Төменірек жиілік кедергілерден оңайырақ өтеді жəне алысырақ бара алады, 
бірақ ол беретін деректердің көлемі азырақ болады. Coarse мəзірі ең жақсы сурет сапасын 
алу үшін жиілікті қолмен реттеуге мүмкіндік береді. Coarse параметрін стандартты сигнал 
режимінің кестесі (бет 90) бойынша құрылғының жұмыс көрсеткіштеріне сəйкес реттеңіз 
жəне жақсартылған сурет сапасын пайдаланыңыз.
Gamma
Gamma мəзірі экрандағы көмескі түстерді көрсететін сұр шкаланы реттейді. Жарықтықты 
реттеу бүкіл экранның жарықтығын күшейтеді, бірақ Gamma параметрін реттеу тек орта 
жарықтықты күшейтеді.
Сұр шкала
Шкала экрандағы көмескірек бөліктерден жарығырақ бөліктерге түс өзгерісінің ауытқуларын 
көрсететін түс ашықтығының деңгейлерін білдіреді. Экран жарықтығының өзгерістері қара 
жəне ақ өзгерісімен көрсетіледі жəне сұр шкала қара мен ақтың арасындағы ортаңғы 
аумақты білдіреді. Сұр шкаланы Gamma параметрін реттеу арқылы өзгерту экранның 
орташа жарықтығын өзгертеді.
Сканерлеу жиілігі
Сканерлеу жиілігі немесе жаңарту жиілігі экран жаңартуларының жиілігін білдіреді. Кескінді 
көрсету үшін жаңарғанда экран деректері беріледі, бірақ жаңарту жай көзге көрінбейді. Экран 
жаңартуларының саны сканерлеу жиілігі деп аталады жəне Гц-пен өлшенеді. Мəні 60 Гц 
болған сканерлеу жиілігі экранның бір секундта 60 рет жаңартылатынын білдіреді. Экранның 
сканерлеу жиілігі дербес компьютердегі жəне монитордағы бейнекарталардың жұмыс 
көрсеткіштеріне тəуелді болады. 
Жол жиілігі
Монитор экранында көрсетілген таңбалар немесе суреттер сансыз нүктелерден тұрады 
(пикселдер). Пикселдер көлденең сызықтармен жіберіледі, кейін олар сурет жасау үшін