Samsung TC242W Manuel D’Utilisation

Page de 97
95
Қосымша
 Қосымша
тігінен реттеледі. Көлденең жиілік кГц өлшем бірлігімен өлшенеді жəне көлденең 
сызықтардың монитор экранында секундына қанша рет берілетінін жəне көрсетілетнін 
көрсетеді. Мəні 85 болатын көлденең жиілік сурет жасайтын көлденең сызықтардың 
секундына 85 000 рет берілетінін білдіреді жəне көлденең жиілік 85 кГц ретінде көрсетіледі.
Кадр жиілігі
Бір сурет сансыз көп көлденең сызықтардан жасалған. Тік жиілік Гц өлшем бірлігімен 
өлшенеді жəне сол көлденең сызықтар арқылы секундына қанша сурет жасалатынын 
көрсетеді. Мəні 60 болатын тік жиілік суреттің секундына 60 рет берілетінін білдіреді. 
Онымен қоса, тік жиілік "жаңарту жылдамдығы" деп те аталады жəне экранның 
жыпылықтауына əсер етеді.
Ажыратымдылық
Ажыратымдылық - экранды құрайтын көлденең пикселдер мен тік пикселдердің саны. Ол 
дисплей мəліметінің деңгейін көрсетеді. 
Жоғары ажыратымдылық экранда өте көп ақпаратты көрсетеді жəне бір уақытта бірнеше 
тапсырманы орындау үшін ыңғайлы болады.
Мысалы, 1920 x 1080 ажыратымдылығында 1920 көлденең пиксел (көлденең жиілік) жəне 
1080 тік сызық (тік ажыратымдылық) бар.
Қосу жəне ойнату
Қосу жəне ойнату мүмкіндігі ең қолайлы дисплей ортасын жасау үшін монитор мен дербес 
компьютер арасында автоматты түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. 
Қосу жəне ойнату функциясын орындау үшін мониторда VESA DDC (халықаралық стандарт) 
стандарты қолданылады.