Samsung RS554 Side by Side с cистемой Двойного Охлаждения, 591 Л Manuel D’Utilisation

Page de 22
4_ Техникалық қауіпсіздік
  Хладагент кеміген жағдайда, өрт қауіпті қоспа мен ауаның пайда болуынан аулақ 
болу үшін, тоңазытқыш орнататын бөлме өлшемі, онда қолданылатын хладагент 
мөлшеріне сәйкес келуі тиіс
•  Бөлме өлшемі  R600a тоңазытқышындағы әр 8 г хладагентке 1 м3 болуы керек
•  Зақымдану белгілері бар тоңазытқышты ешқашан қоспаңыз. Егер күмәніңіз болса, 
кеңес алу үшін тоңазытқыш сатып алынған дүкенге жүгініңіз.
•  Бұйымды қаптау үшін қолданылатын қаптама материалын қоршаған ортаға зиян 
келтірмейтін әдіспен пайдаға асырыңыз
•   Тоңазытқыш бөлшектерін шамалап ауыстырмаңыз
АУЫР ҚАУІП ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ ТАҢБАЛАРЫ
•  Тоңазытқышты ылғалды жерлерде  немесе оған су тиетін жерлерге орнатпаңыз 
-  Тоңазытқыштың электр компонеттерінің оқшаулауының нашарлауы электр тоғымен 
зақымдануына немесе өртке алып келуі мүмкін
•   Тоңазытқышты тікелей күн сәулесі түсетін немесе ас үй тақтасының, қыздыру немесе 
осындай құралдардың  жылуы әсер ететін жерге орнатпаңыз
•  Тоңазытқышқа жағылған шырақты немесе ашық от көздерін қоймаңыз 
- Бұл электр тоғымен зақымдануға немесе өртке алып келеді
•   Тоңазытқышты орнату кезінде оның айналасын жеткілікті кеңістікпен қамтамасыз 
етіңіз және оны түзу бетке орналастырыңыз 
-  Егер тоңазытқыш түзу қойылмаса, суытудың ішкі жүйесі тиісті түрде жұмыс 
жасамауы мүмкін
•   Кернеуі 220-240 В желіні қолданыңыз. БІр розеткаға бірнеше электрқұралын 
қоспаңыз. Тоңазытқышты үнемі нақтылы кернеуге есептелген тоңазытқыштың 
паспорттық тақташасында көрсетілген кернеуге сәйкес келетін ауыспалы тоқ 
желісінің жеке розеткасына қосыңыз. Тоңазытқыш жерге қосылуы тиіс
-  Бұл тоңазытқыштың жақсы жұмысын қамтамасыз етіп, сондай-ақ үйде қызып кеткен 
өткізгіштерден болатын өртке алып келетін электрөткізгішінің жүктелуін болдырмайды.
   Ешқашан тоңазытқыш ашасын розеткадан желілік сымы арқылы суырмаңыз 
Әрқашан ашаның өзін қатты ұстап, оны розеткадан суырыңыз 
-  Желі сымының зақымдалуы қысқа мерзімді тұйықталуға, өртке және /немесе электр 
тоғымен зақымдалуға алып келуі мүмкін
•   Штепсельдің ашасы қысылып қалмағанына және тоңазытқыштың артқы 
қабырғасымен зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
•   Желі сымын тым қатты майыстырмаңыз және оған ауыр заттарды қоймаңыз. 
- Бұл тұтануға алып келуі мүмкін. 
   Босаған розетканы немесе сызаттар байқалатын немесе ұзындығы бойымен, аяқ 
жағы ескірген сымды қолданбаңыз.
   Егер желі сымы зақымдалса, оны ауыстыру үшін өндіруші-фирмаға немесе оның 
қызмет көрсету жөніндегі агентіне хабарласыңыз.
   Тоңазытқыштың орнын ауыстыру кезінде тоңазытқыштың дөңгелектерімен желі 
сымын басып кетпеу үшін және желі сымын зақымдамау үшін абай болыңыз.
•   Желі сымының ашасын дымқыл қолдарыңызбен розеткаға сұқпаңыз. 
   Тоңазытқышты тазалау немесе жөндеу алдында желі сымының штепсельді ашасын 
розеткадан ажыратыңыз 
- Штепсельді ашасын тазалау кезінде ешқашан су немесе дымқыл матаны қолданбаңыз.
•   Штепсельді ашаның металл бөліктерінің бетінен бөгде заттарды немесе шаңды сүртіңіз. 
- Қарсы жағдайда өрт пайда болуы мүмкін.
•   Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылып тұрса, розеткаға қайта ашаны қосар 
алдында он минуттан кем  емес күте тұрған жөн.
• 
  Егер электр розеткасының саңылаулары «босап қалса» желі сымының ашасын қоспаңыз. 
- Бұл электр тоғымен зақымдануға немесе өртке алып келуі мүмкін.
• 
  Тоңазытқыш орнатылған соң желі сымының ашасы оңай қолжетімді болатындай етіп 
орналастырылуы керек.
•   Міндетті түрде бөлек және сенімді жерге қосуды қолданыңыз. Бірнеше құралдар үшін 
бір розетканы қолданбаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін розетка мен қосатын 
өткізгіштер 10А көлеміндегі тоқ күшін өткізу үшін жарамды болуы тиіс 
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
Техникалық қауіпсіздік 
жөніндегі нүсқаулық