Samsung RS554 Side by Side с cистемой Двойного Охлаждения, 591 Л Manuel D’Utilisation

Page de 22
6_ Техникалық қауіпсіздік
•   Тоңазытқышта ұшатын және жеңіл  тұтанатын заттарды сақтамаңыз.
-  Тоңазытқышта бензолды, еріткішті, спиртты, эфирді, сұйытылған газды және т.т. 
сақтау жарылысқа әкеп соқтыруы ықтимал.
•   Егер сіз ұзақ уақытқа демалысқа кетуді жоспарласаңыз, тоңазытқышты азық-түліктен 
босатып, оны өшіруіңіз қажет.
•   Толық еріген азық-түлікті қайта мұздатпаңыз.
•   оңазытқышта фармацевтикалық препараттарды, ғылыми зерттеулерге арналған 
материалдарды және температураға сезімтал материалдарды сақтамаңыз.
-  Тоңазытқышта белгілі бір дәл температурада ұсталып тұруы тиіс заттар сақталуы тиіс.
•   Тоңазытқышқа су толтырылған ыдыстарды сақтамаңыз.  
- Егер су төгілсе, бұл жануға немесе электр тогымен зақымдауға әкеп соқтырады.
•   Тоңазытқыштың алдыңғы екі аяғы бұралады. Аяқтар есіктерді ашқан кезде 
тоңазытқыштың қозғалмауы үшін жазық бетпен тығыз беттесуі тиіс.
•  Шыны беттерді сілкімеңіз және оларға артық күш жұмсамаңыз. 
-  сынған шыны сізді жарақаттауы немесе басқа да материалдық залал келтіруі мүмкін.
ТАЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
•   Тоңазытқыштың астыңғы жиегіне қолыңызды сұқпаңыз. 
- Өткір жиектер жарақаттауы мүмкін.
•   Су беру жүйесінің қуысын немесе мұзға арналған беруші науаға ешқашан 
саусақтарыңызды сұқпаңыз. 
- Бұл жарақатқа немесе тоңазытқыштың бүлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
•   Штепсельдің ашасын сүрткен немесе оның бетінен бөгде заттарды немесе шаңды 
алып тастаған кезде ылғал. 
- Немесе су шүберекті пайдаланбаңыз.
•   Желілік баудың ашасын тазартқан кезде ешқашан ылғал немесе су шүберекті 
пайдаланбаңыз, штепсельді ашаның металл бөліктерінің бетінен бөгде заттарды 
немесе шаңды алып тастаңыз.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР
•   Осы немесе басқа тоңазытқышты кәдеге жаратар алдында кішкентей балалар 
немесе жануарлар тоңазытқыштың ішінде жабылып қалмауы үшін олардың есіктерін/
есіктердің нығыздаушы төсемелерді және есіктердің  ілмегін бөлшектеңіз.
•   Тоңазытқыштың ішіне балалардың енуіне қиын болуы үшін сөрелерді орнында қалдырыңыз.
•   Тоңазытқышыңызда қандай тоңазыту агенті пайдаланатынын білу үшін  
тоңазытқыштың артқы қабырғасындағы компрессордың паспорттық тақташасын 
немесе тоңазытқыштың паспорттық тақташасын оқып шығыңыз.Егер бұл бұйымда 
тұтанатын газ болса (тоңазыту агенті R600a/R134a) бұйымды қауіпсіз кәдеге жарату 
жөнінде ұсыным алуға жергілікті билік органдарына жүгініңіз.
•   Көбіктенетін жылу оқшаулағыш газ ретінде циклопентан қолданылады. Жылу 
оқшаулағыш материалдағы газдар кәдеге жаратудың арнаулы рәсімін қажет етеді. 
Аталған бұйымды қоршаған ортаға қауіпсіз кәдеге асыру мәселелері бойынша 
жергілікті билік органдарына жүгініңіз. Тоңазытқышты кәдеге асырар алдында оның 
артқы қабырғасындағы түтікшелерінің ешқайсының бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. 
Түтікшелерді тек қана ашық ауада сындыру қажет.
Электрмен жабдықтауда іркіліс болған жағдайда өз энергетикалық 
компанияңыздың жергілікті бөлімшесіне хабарласыңыз және электр қуаты қанша 
уақытқа өшірілетінін сұраңыз.
Бір немесе екі сағаттың ішінде жойылатын электр қуатын өшірулердің көпшілігі 
тоңазытқыштағы температураға әсер етпейтін болады.
Алайда электр қуаты өшірілген кезде тоңазытқыштың есіктерін мүмкіндігінше 
сирек ашқан жөн.
Егер электр қуатын өшіру 24 сағаттан астам уақытқа созылса, тоңазытқыштан 
барлық мұздатылған азық-түлікті шығарыңыз; мұздатқыш камерадағы 
температураны қалай болғанда да 0°C дейін көтеруді ұсынамыз және мұзға 
арналған қалташалардағы барлық мұздарды шығарыңыз, өйтпегенде мұз 
ерігеннен кейін су ағып, механизмдерді бүлдіруі мүмкін.
Кейбір тоңазытқыш модельдері тасымалдау кезінде сызылудан қорғау үшін 
арнайы жұқа қабықшамен қапталған.Тұрақты тоқтан сақтану үшін қорғаныш 
қабықшасын абайлап шешіңіз.Егерде қорғаныш қабықшасы узақ уақыт бойы 
шешілмеген жағдайда болат тақташаның түсінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Техникалық қауіпсіздік 
жөніндегі нүсқаулық
САҚТЫҚ
САҚТЫҚ