Philips Table grill HD4419/20 HD4419/20 Fiche De Données

Codes de produits
HD4419/20
Page de 80
1
кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philipsқа қош келдіңіз! Philips ұсынатын 
қолдауды толығымен рахатыңызға қолдану үшін, өзіңіздің өніміңізді www.philips.com/welcome 
бойынша тіркеуге отырғызыңыз.
Сіздің тамшыларды жинап алатын ілегені бар жаңа гриліңіз сізге неше түрлі дәмді тағамдарды 
түтінсіз дерлік етіп дайындау мүмкіндігін береді. Осы құралмен грильдеу өте оңай, себебі оның 
грильдеу беті өте кең.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Ұстауға салқын саптар
B  Ыдыс жуғышта жууға болатын грильдеу табақшалары 
C  Табаны/негізі 
D  Тамшы табағы
E  Термостат бөлігінің тереңдетілген жері 
F  Термостат бөлігі
g  Қосу/өшіру ұстанымы бар және қызып жатқандығын білдіретін жарығы бар температура 
бақылауы
H  Тоқ сымы
i  Тоқ сымы белдігі 
J  Бір затта екі зат қосылған күрекше және қысқаштар
Қосымша беріледі: Рецептер кітапшасы
Маңызды
Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шағыңыз, әрі болашақта қолдануға 
сақтап қойыңыз.
Қауіпті
Термостат бөлігі мен тоқ сымын суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
Ескерту
Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж жергілікті қамтамасыз етілетін 
волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегіне зақым тиген болса, 
құралмен қолданбаңыз.
Егер тоқ сым зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips 
әкімшілік берген қызмет орталығында немесе соған тәріздес деңгейі бар маман ғана 
ауыстыруы тиіс.
Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға болады.
Тоқ сымын ыстық беттерден алшақ ұстаңыз. 
Тоқ сымы стөл жиегінен немесе құрал жұмыс жасап жатқан беттің жиегінен салбырап 
тұрмауы тиіс.
Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан 
нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық 
сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар 
(жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
Құралды қадағалаусыз қолдаңбаңыз.
Қауіпті жағдай туғызбас үшін, бұл құралды ешқашан таймер қосқышына байланыстырмаңыз.
 Грильдеу табақшалары қызып тұрғанда күрекше/қысқаштарды оның үстінде қалдырмаңыз. 
сақтандыру
Тоқ сымын қабырғадағы розеткаға қосар алдында міндетті түрде термостат бөлігін 
құралға орнатыңыз. 
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
ҚазаҚша