LG D170 Manuale Proprietario

Pagina di 465
54
Телефон мәтіндік және мультимедиалық хабарларды интуитивті,
оңай пайдаланылатын бір мәзірге біріктіреді.
ЕСКЕРТУ! LG хабары әдепкі SMS қолданбасына орнатылуы керек.
Олай болмаса, кейбір хабар функциялары шектеледі.
Хабар жіберу
Өзіндік бет экранында
белгішесін түртіңіз, одан кейін жаңа
хабар жазу үшін   белгішесін түртіңіз.
Контакт атын немесе контакт нөмірін To (Кімге) өрісіне енгізіңіз.
Контакт атын енгізгенде, сәйкес контактілер пайда болады.
Ұсынылған алушыны түртуге болады. Бірнеше контактіні қосуға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: сізден мәтіндік хабар жіберілген әр адам үшін ақы
алынады.
Мәтін жолын түртіп, хабар жазуды бастаңыз.
Хабар алмасу опцияларына қол жеткізу үшін
Меню пернесін  
түртіңіз.
КЕҢЕС! Бөліскіңіз келген файлды бекіту үшін   белгішесін түртуге
болады.
Хабарды жіберу үшін
Send (Жіберу) пәрменін түртіңіз.
Жауаптар экранда пайда болады. Қосымша хабарларды көргенде
және жібергенде, хабарлар ағыны жасалады.
Хабар алмасу