LG D170 Manuale Proprietario

Pagina di 465
56
Электрондық пошта
Gmail сияқты қызметтерден келген электрондық хабарларды оқу
үшін Эл. пошта қолданбасын пайдалануға болады. Эл. пошта
қолданбасы келесі тіркелгі түрлерін қолдайды: POP3, IMAP және
Exchange.
Қызмет провайдеріңіз немесе жүйелік әкімші қажет есептік жазба
параметрлерін бере алады.
Электрондық пошта есептік жазбасын басқару
Бірінші рет Эл. пошта қолданбасын ашқанда, электрондық пошта
есептік жазбасын орнатуға көмектесетін орнату шебері ашылады.
Бастапқы орнатудан кейін электрондық пошта қосымшасы кіріс
жәшігінің мазмұнын көрсетеді. Егер бірнеше есептік жазба қосқан
болсаңыз, есептік жазбалар арасында ауысуға болады.
Басқа электрондық пошта есептік жазбасын қосу:
Эл. пошта қосымшасын ашып, Меню пернесі   > Параметрлер
>
Есептік жазба қосу тармағын түртіңіз.
Электрондық пошта есептік жазбасының параметрлерін 
өзгерту:
Эл. пошта қосымшасын ашып, Меню пернесі   > Параметрлер
тармағын түртіңіз. Сосын барлық есептік жазбалардың
параметрлерін реттеу үшін
Жалпы параметр опциясын түртіңіз
немесе сол белгілі бір есептік жазбаның ғана параметрлерін реттеу
үшін жеке есептік жазбаны түртіңіз.