LG LG L70 (D320) BLACK Manuale Proprietario

Pagina di 400
52
Кескіндерді сақтау үшін жадты таңдаңыз.
Функцияның қалай істейтінін білу үшін анықтамалық нұсқаулықты ашады.
Камераның барлық әдепкі параметрлерін қалпына келтіреді.
КЕҢЕС!
Камерадан шыққанда, ақ түс балансы, түс әсері, таймер және көрініс режимі 
сияқты кейбір параметрлер әдепкі мәндеріне оралады. Келесі суретті түсіру 
алдында мыналарды тексеріңіз.
Параметрлер мәзірі көрініс іздегіштің үстінде болады, осылайша сурет түсін 
немесе сапа элементтерін өзгерткенде Параметрлер мәзірінің артында 
өзгертілген суреттің алдын ала қарауын көресіз.
Фотосуретке жылдам түсіру 
1  
Камера қолданбасын ашып, линзаны суретке түсіргіңіз келген затқа бағыттаңыз.
2  
Фокус жақтаулары бейнеіздегіш экранының ортасына шығады. Кез келген жерді 
түртіп, сол нүктені де фокустауға болады.
3  
Нысан жақтауы жасылға боялғанда камера түсірілетін затқа кезеледі.
4  
Фотосуретті түсіру үшін   түртіңіз.
Фотосуретке түсіргеннен кейін
Соңғы түсірілген фотосуретті көру үшін камера экранының төменгі жағындағы 
суреттер нобайын түртіңіз. 
Дереу басқа фотосурет түсіру үшін түртіңіз.
Фотосуретті басқаларға жіберу немесе оны әлеуметтік желі қызметтері 
арқылы бөлісу үшін түртіңіз.
Фотосуретті жою үшін түртіңіз.
Камера